Главная » 2023 » Март » 6 » «Әсем және Көркем» - «Балапан» және «Балдырған» балабақшасының ересек тобы бүлдіршіндерімен байқау
11:25
 «Әсем және Көркем» - «Балапан» және «Балдырған» балабақшасының ересек тобы бүлдіршіндерімен байқау


Науырзым аудандық балалар кітапханасы 8 наурыз мерекесіне орай «Балапан»  және «Балдырған» балабақшасының
ересек тобы бүлдіршіндерімен бірге «Әсем және Көркем» байқауын өткізді. Мақсаты: Бала бойында ізгілік, инабаттылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, балалардың шығармашылық ортасын дамыта отырып, рухани құндылықтармен жақындастыра түсіру.
Байқауға қатысушылар барлық сайыста тек қана өз күштерімен бақ сынасты. Әр түрлі номинация бойынша ортаға шыққан кішкентай бүлдіршіндер көрермендердің ықыласына бөленіп, барша өнерлерін ортаға салды. Атап өтсек «Таныстыру», «Кім жылдам», «Маған ұнаған кітап», «Азық-түлік алайық»,«Біз кішкентай балдырған, қызығымен танылған»,«Бауырды киіндір», «Бейнесін құра» және де соңғы «Үй тапсырмасы» байқаулары балақайлардың ұшқыр ойлы өнер қырандары екенін дәлелдеп берді.

 

Наурзумская районная детская библиотека в честь праздника 8 марта провела конкурс «Әсем және Көркем»  с взрослой группой малышей детского сада «Балапан» и «Балдырган». Цель: формирование таких качеств, как доброжелательность, умение сближаться с духовными ценностями, развивая творчество детей.
Конкурсанты соревновались во всех соревнованиях исключительно только своими силами. Малыши, выступившие в различных номинациях, получили восторженные отзывы зрителей. Такие как «Знакомство», «Кто быстрее», «Книга, которая мне понравилась», «Покупаем продукты», «Мы маленькие дети, любопытством известны», «Одеваем брата», «Создаем образ» и последнее «Домашнее задание» доказали, что малыши сообразительные гении искусства.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 125 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях