Главная » 2024 » Апрель » 5 » «Оқу көшбасшысы» библиокросс
18:53
 «Оқу көшбасшысы» библиокросс


Әр істі қорытындылау өте жақсы дәстүрлердің бірі болып табылады. Әсіресе, аудандық балалар кітапханасы белсенді оқырмандары арасында өткізген «Оқу көшбасшысы» библиокроссының жүлдегерлерін анықтау кітапханашыларға ерекше толқу сыйлады.
Жеңімпаздарды іріктеу барысында кім көп кітап алып оқығаны және кітапханаға кім жиі келгені есептелді.
Оқырмандар арасында «2024 жылдың үздік оқырманы» номинациясы бойынша байқаудың жеңімпазы – Қалиева Зарина, «Отбасылық трио» номинациясы бойынша – Аяжан, Еркежан, Лунара Асатовалар отбасы атанды. Олар өз уақытын кітап оқусыз елестете алмайды. «Ең позитивті оқырман» номинациясында Жамбыл ЖББМ 4-сынып оқушысы Төлеш Алуа ие болды. «Ертегілерді сүйетін бала» номинациясында Жамбыл ЖББМ 5-сынып оқушысы Медетқызы Інжу марапатталды. Ал «Кітапхана тұрақтысы» номинациясына 5-сынып оқушысы Кенжебай Айсұлу жайғасты!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жарайсыңдар! Кітаппен жаңа ұмытылмас кездесулер көп болсын! 
Кітап әрқашан сіздің адал досыңыз және көмекшіңіз болатынына сенеміз. 
Оқыңыз және жеңіңіз!

 

Подведение итогов - одна из очень хороших традиций. Особое волнение библиотекарям придало выявление призеров библиокросса «Лидер чтения», проводимого районной детской библиотекой среди активных читателей.
Были подсчитаны, кто больше всех прочитал книг в библиотеке и кто чаще всего ходит в библиотеку. Среди  читателей победителями  конкурса в номинации «Лучший читатель 2024 года»  стала – Калиева Зарина, в номинации «Семейное трио»  стала семья  – Асатовых  Аяжан, Еркежан, Лунара. Они  не представляет свою жизнь без книг.             
В номинации «Самый позитивный читатель» стала Толеш Алуа ученица 4-го класса  Жамбылской ООШ . В номинации «Любитель сказок» стала ученица 5-го класса Жамбылской ООШ Медетқызы Інжу, в номинации «Библиотечный завсегдАтай» стала ученица 5-го класса Кенжебай Айсулу.
Поздравляем победителей! 
Новых незабываемых встреч с книгой! Хочется верить, что книга всегда будет вашим верным другом и помощником.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 24 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях