Главная » 2022 » Октябрь » 5 » «Науырзым қорығының өткені, бүгіні және болашағы» Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының ардагерлерімен кездесу кеші
22:38
 «Науырзым қорығының өткені, бүгіні және болашағы» Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының ардагерлерімен кездесу кеші


Осы жылдың басынан Науырзым аудандық орталық кітапханасы «Рухани жаңғыру, Туған жер» бағдарламасы  аясында «Науырзым: кеше, бүгін, ертең» жобасымен жұмыс жасауды бастаған болатын. Бұл жобаның мақсаты ауданымыздың тарихын, осы елде туып-өсіп танымал болған тұлғаларды, осы ауданның өркендеуіне өз үлестерін қосқан, әлі де еңбек жасап жүрген ауылдастарымызды, сонымен қатар ауылымыздың қасиетті де киелі жерлерін насихаттау. Осыған орай 20 қыркүйек күні «Науырзым қорығының өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының ардагерлерімен, қызметкерлерімен және орманшыларымен кездесу кеші өтті. Кешімізге аудан әкімінің орынбасары Амиров Н.Қ.,Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының басшысының орынбасары Шалдыбаев М., қорық ардагерлері: Байтұяқов Мәлік, Нысанбаев Көрікбай ағайлар, орманшы Бекенов Рахан, қорық қызметкерлері және ауылдық кітапханашылар қатысты. Кеш соңы ауданымыздың әнұранына айналған, жерлесіміз Қайрат Нұрғазиннің «Науырзым» әнін барлық қатысушылардың орындауымен аяқталды.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 109 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях