Главная » 2023 » Декабрь » 20 » «Махамбеттің жыр жебесі» тарихи сағаты
18:23
 «Махамбеттің жыр жебесі» тарихи сағаты


Өлеңді ауылдық кітапханасы оқырмандарына «Махамбеттің жыр жебесі» атты тарихи сағат ұйымдастырды.
Іс-шара мақсаты: Елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері   М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан кеңірек мәлімет беріп, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, шығармаларын тарихи құндылық ретінде қабылдауға жетелеу.
Іс-шара барысында Махамбет   Өтемісұлының   өмірі мен шығармашылығы туралы  ақпарат берілді.
Исатай мен Махамбет бастаған ұлт азаттық күрестің шынайы сипатын білдіретін   «Ұлы арман», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», сияқты   өлеңдерінен үзінді оқылып, түйіні талқыланды. Қазақ халқының ұлы қолбасшылары, батырлары жайында кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.


 
Улендинская сельская библиотека организовала для своих читателей исторический урок «Махамбеттің жыр жебесі».
Цель мероприятия:
Дать более подробную информацию о жизни и творчестве М. Отемисулы, отважного поэта казахского народа, борца за независимость, раскрыть тему и идеи его стихов, склонить к восприятию его произведений как исторической ценности.
В ходе мероприятия была представлена   информация о жизни и деятельности Махамбета Отемисулы.
Были зачитаны отрывки из стихотворений «Ұлы арман», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», отражающих истинный характер освободительной борьбы народа под руководством Исатая и Махамбета. Читателям была представлена   книжная выставка о великих полководцах и героях казахского народа.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 32 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях