Главная » 2023 » Май » 24 » «Мәдениет: Кітап.Білім.Тіл» open air фестиваліні
12:27
 «Мәдениет: Кітап.Білім.Тіл» open air фестиваліні


Науырзым аудандық кітапханасының әдіскері Латифа Асылбекқызы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында өткен «Мәдениет: Кітап.Білім.Тіл» атты open air фестивалініне қатысты. 
Ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кіріспе сөз сөйлеп, қонақтарды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген кітапханашылар мен сала ардагерлерін марапаттап, бірқатар кітапхана ұжымына алғыс хат табыстады.
Ашық аспан астында қазақстандық баспалардың кітаптарын сатып алуға болатын дүкен, фотоаймақ, балалар павильоны мен тіл, мәдениет, әдебиет және кітапхана ісін дамыту мәселелерін талқылауға арналған сахна орнатылды. Журналистер, редакторлар және кинорежиссерлердің қатысуымен кітап көрмесі, нетворкинг және шеберлік сабақтары өтті.
Зияткерлік іс-шара Астана мен еліміздің басқа да өңірлерінен келген зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен мәдениет қызметкерлері қатысқан шағын мерекеге айналды. 
Фестивальге шетелдік қонақтар - Халықаралық Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев, Франция, Иран және басқа да мемлекеттер елшіліктерінің өкілдері де қатысты.

 

Методист Наурзумской  районной библиотеки Латифа Асылбековна приняла участие в  open air фестивале «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл», прошедшего на территории Национальной академической библиотеки РК при поддержке министерства.
Министр культуры и спорта РК на церемонии открытия выступил  со вступительной речью, где  поздравил гостей мероприятия с наступающим Днем работника культуры и искусства. Так же, наградил отличившихся библиотекарей и ветеранов сферы культуры нагрудным знаком «Мәдениет саласының үздігі», вручил благодарственные письма ряду казахстанских библиотек.
Под открытым столичным небом раскинулись лавки, в которых можно было приобрести книги от казахстанских издательств, фотозона, детский павильон и сцена, где спикеры обсуждали вопросы языка, культуры, литературы и развития библиотечного дела. Состоялись выставки книг, мастер-классы и нетворкинг с участием журналистов, редакторов и кинорежиссеров.
Организаторам и гостям удалось превратить интеллектуальное мероприятие в небольшой праздник, который собрал представителей интеллигенции, преподавателей и работников культуры из Астаны и других уголков Казахстана. 
Присутствовали и иностранные делегаты – президент Международной тюркской академии Шахин Мустафаев, представители посольств Франции, Ирана и других государств.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 122 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях