Главная » 2018 » Август » 14 » "Күмбір-күмбір күй төккен домбыра"
11:38
 "Күмбір-күмбір күй төккен домбыра"

Күмбір-күмбір күй төккен домбыра.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісіне белгіленген қазақтың басты аспап мерекесін – «Ұлттық домбыра күні» Президент өзі бастап берді. Нұрсұлтан Назарбаев: «Домбыра - еліміздің бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтың қайталанбас келбеті», -деді.

Әр қазақ үшін киелі домбыра- ұлтымыздың символы, қазақ күйі- адам жанын тебірентеді, керемет сезімге бөлейді, жүректі тербеп,көтеріңкі көңіл- күй сыйлайды, терең ойларды сөзден артық жеткізеді. Сыңғырлаған домбыраның қоңыр үні халқымыздың тарихын, салт- дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа әуенмен жеткізіп келген.

Дүйсенбі күні аудандық орталандырылған кітапхана жүйесінде Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбір-күмбір күй төккен домбыра» атты мәдени шара өтті. Щараның мақсаты, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында, Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында Ұлттық домбыра күнін атап өту.

Бұл күнді атап өтуге ауданымызда әудемейтін қазақ жоқ демекші домбыраға жаны жақын, домбыраның күмбірін тамсана сүйсінетін аспапты дәріптеушілермен оған қызығатын өнер иелері мереке қонақтарын өз өнерімен куантты.

Мерекеге келушілерге өнерпаздар Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» мен «Сарыарқа» күйлерін, сонымен қатар, «Көңілашар» және «Еркесылқымды» ойнап берді. «Домбыра қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Халқымыз домбыраға үкі тағып,төріне ілген,күйшілерді төредей күтіп,төбесіне көтерген. Осы игі үрдіс қазірде жалғасып келеді. Бүгін рухани жаңғыруға бет бұрған халқымыз қасиетті домбырамен құдіретті күйді қаншалықты қадірлейтінін бүкіл елімізге, бүкіл дүниеге паш етіп отырамыз. Осы жерде күмбірлеген күйлер біздің бірегейлігіміз бен рухани тұтастығымызды білдіреді. Лайым, әр уақытта бізге, елімізге Жаратқан бірлік берсін», -деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Науырзым АОК Ұлттық домбыра күніне орай және ҚР елордасы- Астана қаласының 20 жылдығына орай «Күмбір-күмбір күй төккен домбыра» атты кітап көрмесін де ұйымдастырды.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 580 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях