16:58 "Яблочный Спас-собрал сегодня нас" | |
Шолақсай ауылдық кітапханасында "Яблочный Спас-собрал сегодня нас" атты фольклорлық-танымдық сағаты өтті. Шара «Шолақсай – туған ауылым» өлкетану жобасының аясында оқырмандарды орыс халқының салт-дәстүрлері мен мерекелерімен, ауылымызда тұратын басқа ұлттар халықтың мәдениетінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында өткізілді. Іс-шара қонақтары осы мерекеге байланысты халықтық әдет-ғұрыптармен, салт-дәстүрлермен танысты. Бал, алма, жаңғақ жинау мерзімдіне байланысты Спас мерекесінің тарихы мен дәстүрлері туралы білді. Бір сағат бойы іс-шараға қатысушылар тақырыптық жұмбақтарды, шығармалардың атауларын, ертегілерді, алмаға байланысты әндерді, мақал-мәтелдерді жатқа айтты, тақпақ, ән айтты. «Мақтанған алма», «Алма шеңбер бойымен жүреді», «Алма жұмбақтар» т.б ойындар ойнатылды. Нәтижесінде достық, жақсы көңіл-күй жеңіске жетті. Іс-шара қызықты әрі көнілді өтті. Және, әрине, тәттілерсіз болмады - хош иісті алмалар. Орыс халқында мұндай дәстүр бар - бұл мерекеде міндетті түрде алма жеп, тілек айту керек, содан кейін ол міндетті түрде орындалады. | |
|
Всего комментариев: 0 | |