Главная » 2023 » Сентябрь » 20 » «Еселі бақыт Еңбекте...»кездесу кеші
16:26
 «Еселі бақыт Еңбекте...»кездесу кеші


Шилі ауылдық кітапханасында  «Қазына» атты өлкетану жобасын іске асыру аясында «Еселі бақыт Еңбекте...» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Шара мақсаты: жас буынның патриоттық сезімдерін арттыру,
өлке тарихын кеңінен насихаттап,
туған жерге еңбегі сіңген ардақты жандарға құрмет көрсету,
еңбек адамының беделін көтеріп, абыройын арттыру, жастардың елге, туған ауылға деген патриоттық сезімдерін нығайту.
Кеш «Жанды кітап» форматында өткізіліп, түрлі презентация шолулары көрсетілді.
Шара барысында «Әрбір адамның өмірі – бір кітап, мұқабасын қалай әдемі сақтасаң - өміріңде сондай болады» сынды тұжырымдамаларға ой өрбітілді.
Кеш ауылымыздың ардақты ағасы Асипов Д. Қ,
ұлағатты ардагер ұстаз Салықбаева О.С, «Қызғалдақ» бала-бақшасының меңгерушісі болып жұмыс жасаған, аяулы ұстаз, білікті  де білімді басшы ретінде танылған еңбек ардагері Бекетаева С.Қ. құрметтеріне ұйымдастырылып өткізілді.
Кеш қонақтары ауыл әкімі Бирмагамбетова Г.Р, мектеп директоры Кубеева Ж.Б, ауыл имамы Акзамов Ж.Т, ұстаздар Хасенова Б.К, Баймагамбетова Ш.Р, Каратаева Г.Р.
Кездесу барысында қонақтар өмірде еңбектің әрқашан маңыздылығы туралы айтып, әр адам өз ісінің нағыз маманы болған жағдайда ғана, береке, өсу болатынына тоқталды. Оқушылар да келген қонақтарға сұрақтарын қойып, жақсы тәлім-тәрбие алатын жауаптардың куәсі болды.
Соңында ауыл әкімі ризашылығын  білдіріп, әкімшілік атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

В Шилинской сельской библиотеке в рамках реализации краеведческого проекта «Қазына» был организован вечер встречи «Еселі бақыт Еңбекте...».
Цель мероприятия: повышение патриотических чувств молодого поколения, популяризация истории края, чествование заслуженных людей родного края, повышение престижа человека труда.
Вечер прошел в формате «Живой книги», где были представлены различные презентационные обзоры.
В ходе мероприятия были затронуты такие концепции, как «Жизнь человека как книга, настолько красиво вы сохраняете обложку, так и ваша жизнь зависит от вашего же обращения к нему».
Участниками мероприятия стали уважаемые люди села Асипов Д.К, заслуженный учитель Салыкбева О.С, талантливый руководитель, педагог Бекетаева С.К.
Гости вечера аким села Бирмагамбетова Г. Р., Директор школы Кубеева Ж. Б., имам села Акзамов Ж. Т., учителя Хасенова Б. К., Баймагамбетова Ш. Р., Каратаева Г. Р.
В ходе встречи гости рассказали о важности труда в жизни любого и отметили, что только в том случае, если каждый человек станет настоящим профессионалом своего дела, будет достаток, рост и развитие. 
Ученики, так же, задавали вопросы гостям и получили развернутые ответы.
В завершение аким села выступил с благодарностью и от имени администрации вручил памятные подарки.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 52 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях