Главная » 2023 » Июль » 3 » «Домбыра – бабадан қалған сазды мұра!»
12:18
 «Домбыра – бабадан қалған сазды мұра!»


Домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас. Ол – құнды қазына, ұлттық рух. Домбыра - ежелден халқымыздың музыка мәдениетінің символы, ол әрқайсымыздың жанымызға жақын ұлттық кодымыз. Ол қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы, әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Онсыз бірде–бір шара өтпейді. Шертпелі, екі ішекті аспап түрлі мамандық иелерінің, діні мен ұлты басқа жандардың басын қосады. Домбыраның күмбірлеген дыбысы терең ой-толғауларды сөзден артық жеткізе алады. Жас ұрпаққа ұлтымыздың символы ретінде, тіпті шет елдерде қазақ   десе ең алғаш ойға келетін қасиетті аспабымыз – домбыраны таныту, осы аспапта ойнаған атақты әнші және күйшілеріміздің туындыларын насихаттау мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасы «Домбыра – бабадан қалған сазды мұра!» атты музыкалық сазды сағат атап өткізді. Іс-шараға тұрақты оқырмандар қатысып, домырада ойнаудың қағыстары көрсетіліп, кішігірім сабақ берілді. Көрмеге ұлттық аспабымыз жайында кітаптар, атақты әнші және күйшілердің туындылары қойылды. Айтыс өнері жайында бейнебаян тамашаланды.

 

Домбра –драгоценное наследие, оставленное предками. Это бесценное сокровище, национальный дух. Несомненно, что   главный символ музыкальной культуры казахского народа и национальный код, близкий каждому из нас это – домбра. Без него не состоится ни одно мероприятие. Струнный, двухструнный инструмент объединяет людей разных профессий, религий и национальностей. Гудящий звук домбры может передать глубокие мысли лучше, чем слова.
В целях популяризации произведений казахских известных певцов и музыкантов, игравших на этом инструменте, Улендинская сельская библиотека организовала музыкальный час под названием «Домбыра - бабадан қалған сазды мұра!». В мероприятии приняли участие постоянные читатели библиотеки. Вниманию читателей была представлена выставка, где оформлены книги о нашем национальном музыкальном инструменте, произведениях известных певцов и музыкантов. Был показан видеоролик о творчестве Айтыс.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 112 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях