Главная » 2022 » Июнь » 13 » "Дәстүр жалғасы-қымызмұрындық"
09:21
 "Дәстүр жалғасы-қымызмұрындық"


Науырзым аудандық кітапханасы"Дәстүр жалғасы-қымызмұрындық" тақырыбымен фольклорлық отырыс ұйымдастырды.  
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты қымыз өндірудің қыр-сырымен таныстыру, ұмыт бола бастаған дәстүр-кәделерімізді ұлықтау.
 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы халқымыздың ұлттық және рухани құндылықтарын қайта жаңғыртып, жаңаша сипат алуына, кең көлемде дәріптелуіне едәуір оң ықпалын тигізді.
Өшкеніміз жанып, өткеніміз санамызда сәулеленді. Бір ғана мысал, ұлттық руханиятымызбен астасып жатқан, бірақ кейінгі уақытта алтын арқауы үзілуге шақ қалған қымызмұрындық дәстүрінің тамырына қайта қан жүгіріп, серпіліс сезіле бастады.  Салт-дәстүріміз кеңінен насихатталған игі шараға Науырзым ауданы маслихат хатшысы.Абенова.Г.Есенғалиқызы арнайы қатысты. Сондай-ақ  ауданымыздың үлкен ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымыз   іс шара төрінен табылды.
Шақырылған қонақтарымыз қымызды баптау барысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, игі дәстүріміздің көкжиегінің кеңейе беруіне тілектестігін білдірді. Қылышбек атамыз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 119 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях