Главная » 2024 » Январь » 29 » «Бейнелеу өнерінің хас шебері»
09:40
 «Бейнелеу өнерінің хас шебері»


Өлеңді ауылдық кітапханасы тұрақты оқырмандарына қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған, халқына өшпес мұра қалдырған Әбілхан Қастеевтің «Бейнелеу өнерінің хас шебері» туындыларымен таныстыру көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Амангелді сарбаздары», «ТүркСіб», «Шоқан Уәлихановтың портреті», «Абайдың портреті»,  «Жамбыл», «Мақта жинау», «Сатып алынған қалыңдық» т.б   туындылары оқырман назардарына ұсынылды. Іс-шара барысында кітапханашы суретшінің өмір баянына қысқаша тоқталып, Ә. Қастеевтің басынан өткен қызықты оқиғаларды айтып берді. Тек қана бейнелеу өнері саласында емес сонымен қатар әшекей, мүсін жасау өнерінде де үлкен жетістіктері болғаны туралы ақпарат  берді. Бейнеленген әрбір сурет қазақ халқының болмысын анықтап, тарихтан бір парақ екендігі оқырмандарға түсіндірілді.

 

Для постоянных читателей Улендинская сельская библиотека организовала выставку казахского живописца, портретиста и акварелиста, ставшего основоположником национального изобразительного искусства Абильхана Кастеева «Бейнелеу өнерінің хас шебері». На выставке вниманию читателей были представлены картины «Амангельды сарбазы», «Турксиб», «портрет Шокана Уалиханова», «портрет Абая», «Жамбыл», «Сбор хлопка», «Выкуп невесты» и др. В ходе мероприятия библиотекарь познакомила с жизнью и творчеством художника, и рассказала интересные истории, которые пережил А. Кастеев.  Также была представлена информация о том, что Кастеев имел большие достижения не только в области изобразительного искусства, но и в искусстве украшения, скульптуры.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 47 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях