Главная » 2023 » Август » 29 » «Батырдың биік тұлғасы»
16:16
 «Батырдың биік тұлғасы»


25-тамыз күні Науырзым Ауданының Педагогикалық қызметкерлерінің Аудандық тамыз кеңесі өтті. Осыған орай Науырзым аудандық кітапханасы Амангелді Иманов Үдірбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Батырдың биік тұлғасы» тақырыбында тақырыптық сөре ұйымдастырды. Кітап сөресінің мақсаты: Амангелді Иманов –халық батырының 150 жылдығы туралы хабарлама жасай отырып, ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі батырлар туралы түсінік беру. Амангелді Имановтың ерліктерін баяндап, халқымыздың тарихынан тағлым бере отырып шығармашылыққа баулу. Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға баулу. Тәуелсіздігімізді баянды етуге үлес қосу және бүгінгі көрмемізді  Қостанай қаласынан  тамыз кеңесіне арнайы келген балаларды әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Муханбетова Сауле Маралқызы  тамашалады. Кітап сөреде Амангелді Үдірбайұлына арналған буклеттер жасалып ұстаздарға таратылды.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 54 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях