Главная » 2022 » Март » 16 » «Ғажап талант иесі, дана тұлға-Мұхтар Әуезов"
20:49
 «Ғажап талант иесі, дана тұлға-Мұхтар Әуезов"


Қазақтың әйгілі  әдеби жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР - ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125  жыл толуына орай «Ғажап талант иесі,дана тұлға-Мұхтар Әуезов» тақырыбында  Науырзым аудандық орталық кітапханасы  танысу кітап көрмесін ұсынады. Кітап көрменің мақсаты: Мұхтар Омарханұлының  өмірімен, шығармашылығымен және  Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру. Оқырмандарды , оқушыларды , студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру, жазушылық қызметінен мағлұмат бере отырып,жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы айту. Әдебиеттің асқары іспеттес тұлғаның өмірі де, өзі де дара, дана. М. Әуезов - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын бір туары. XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі - Мұхтар Әуезов. Кітап көрмені Докучаев орта мектебінің және Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары тамашалады.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 154 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях