Главная » 2023 » Февраль » 15 » «Ауғаныстан жүректегі жара»
10:15
 «Ауғаныстан жүректегі жара»


Науырзым аудандық кітапханасымен мәдениет үйі  Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына арналған «Ауғаныстан жүректегі жара» тақырыбында  Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кешін өткізді. 
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Аталған іс-шараға Ауғаныстан соғысының ардагерлері Қайыржанов Нұрлан Шотбайұлы, Жадиков Қайролла Қоқайұлы , Рахат  Мухамбетсапұлы және Науырзым  ауданының  әкімінің  орынбасары Амиров Нұрлан  Құрманғалиұлымен алғашқы әскери пәнінің мұғалімі Ахметов Серік Әуезханұлы, Магажанов Ғалым Сабыржанұлы қатысты.  Ауған соғысының ардагерлері  өздерінің бастарынан кешкен естеліктерімен бөлісті. Жиналған жұртқа аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Әміров ризашылығын білдірді.Аталған іс шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 101 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях