Главная » 2022 » Август » 11 » Асыл Абай арнасы
18:50
 Асыл Абай арнасы


Дәл бүгін дана, дара ұл туған күн, 
 Сәулесін шамшырақ қып, төгіп шашып.
 Маңызды ой-тұжырым терең ғой тым, Мұра жоқ мұнан өткен терең басым.
Көрсетті болашақтың жарқын жолын, 
 Тылсымның сезе біліп, оң мен солын.
 Бейтаныс келешекті болжай біліп,
 Қалдырған ғибрат қып асыл томын.
 Пердесін надандықтың кейін сырды,
 Нақ арнап бар ғұмырға өлең-жырды.
" Тектіден текті туады"-деген сөз бар,
 Дәл соның дөп дәлелі осы ұл болды.
 Тереңнен бойлады ол,әр жүрекке,
Жұмбақ жан,боп тұрады-- ол әр жүректе.
 Қазақтың құндылығы, қасиеті,
 Өзіңмен тұрар ылғи тым биікте.


Арнайы шығарма иесі:
 Тілеуғабылов
  Жаңбыршы
  Тұқатұлы.
Рудный қаласы.
10.08. 2022.жыл.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 109 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях