Главная » 2022 » Март » 16 » «Қарамай қиындыққа өткен- кеткен, Халқымнан айналайын еркелеткен»
20:47
 «Қарамай қиындыққа өткен- кеткен, Халқымнан айналайын еркелеткен»


Күміскөмей әнші, Халық Қаһарманы, Тарлан сыйлығының иегері, шетелдіктердің өзі қазақтың қызғалдақ гүліне теңеген ерекше жаратылыстағы сұлу Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай  Науырзым аудандық орталық  кітапханасы   «Қарамай қиындыққа өткен-  кеткен, Халқымнан айналайын еркелеткен»тақырыбында Жамбыл орта мектебінің 7 «Б» сыбының оқушыларына  музыкалық сағат өткізді.Іс-шараның мақсаты: Қазақ халқының әншісі Роза Тәжібайқызының өмірімен, шығармашылығымен  таныстыру. Соғыс кезіндегі ерлермен қатар қиындықты көрсе де,әнімен көңілдерін жұбатқан   Роза апамыздың өнерін,ерлігін өскелең ұрпаққа паш ету.  
    Роза Тәжібайқызы сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Роза апамыз  міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 152 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях