Главная » 2024 » Март » 17 » «Алтын шаңырақ» «Күміс кереге»
16:16
 «Алтын шаңырақ» «Күміс кереге»


Президенттің тапсырмасы аясында «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасы әзірленіп, тұжырымдамаға  сәйкес 17 наурыз- «Алтын шаңырақ» «Күміс кереге» - 50 және 25 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларды құрметтеу күні болып бекітілген болатын. Мақсаты - 50 және 25 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларды құрметтеу. Үлгілі отбасыларды іріктеудің басты критерийі – «Адал азамат» құндылықтарына сәйкес балалар мен немерелерді тәрбиелеу. Отбасын Отанына балайтын, жанарымен жаныңды баурайтын, ата-ананы қадірлеп, үлкендерді сыйлайтын, кішілерге қамқор, ағайынға абыройлы, құдай қосқан қосағымен бірге әдемі қартаюды нәсіп еткен ақ жаулықты аналарымыз бен ақ сақалды аталарымыз аз емес арамызда. 

Науырзым ауданының мәдениет үйі және аудандық кітапхана ұжымы осындай үлгілі шаңырақ иелері ауданымыздың сыйлы, құрметті отбасылары  алтын той иелері -50 жыл бірге қол ұстасып келе жатқан Темірбаевтар Хауез атамен Орынбике апаның  отбасына және де  25 жыл - күміс тойын атап өткен Стамкуловтар Мәлік аға мен Гүлімжан апамыздың отбасын шақырып құрмет көрсетті. 
 Берекелі отбасында келіспеушілік мүлде шықпайды деп айтсақ, онымыз өтірік болар еді. Адамдардың бірлесіп тіршілік қылып жатқан жерінде ұрыс-керістің орын алып тұруы, бәлкім, заңдылық та шығар. Алайда, іргетасы әуелден түзу қаланған отбасының мұндай жағдайларды қалпына келтіріп, реттеп отыратын белгілі бір құралдары болады. Осы «құралдарды» пайдалану себепті шаңырақ әуелгі арнаға қайта түседі.
      Осындай қағидаларды өз өмірлерінде ұрандай ұстанған бүгінгі кештің иелері қазіргі бақытты күнде аяулы ата-ана, үлгілі ене, сүйікті ата-әже. Той иелері қазірде көпке үлгі. "Қосағыңмен қоса ағар" деген бата алған ата-әжелеріміздің өмірін бізге де бұйырсын деген тілек жатты ішімізде. 
Алтын тойға жеткен де бар, жетпеген де бар!  Төрдегі алтын адамдарымыз аман болсын!


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 18 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях