Главная » 2022 » Февраль » 11 » «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тілтану ғылымының атасы»
17:05
 «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тілтану ғылымының атасы»


Науырзым аудандық кітапханасында республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тілтану ғылымының атасы» тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл акция ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР кітапханашылар акциясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.Акцияның мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын  көтеру,сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.2022 жылғы «Бір ел-бір кітап-2022»республикалық акциясы аясында ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқуға қолдау көрсетіліп, оқу туралы шешім қабылданды.Осы орайда  Жамбыл негізгі орта мектебінің 6»Б» сынып оқушылары Мақпал Молдакәрімқызының жетекшілігімен біздің кітап көрмемізбен танысты.Көрмеміздің мақсаты: ұлт болашағы, жас ұрпақ өкілдерін «Алаш арысы», «Ұлтымыздың рухани көсемі» А.Байтұрсынұлының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып, көрнекті ағартушы, қазақтың ұлттық тіл білімі мен әдебиет зерттеу ғылымының негізін қалаушы, саяси қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға жайында жан-жақты мағлұмат беру. Барша оқырмандарымызды кітап көрмеміздегі әдебиеттермен және мақалалармен танысуға шақырамыз

 


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 131 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях