Главная » Архив материалов


1 наурыз Алғыс айту күніне орай аудандық орталық кітапханасы «Қазақстан – бақыт мекені» тақырыбында бейнеқұттықтау ұйымдастырды. Мақсаты: Азаматтық қағидаттарға негізделген Қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін көрсете білу.

Просмотров: 15 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 04.03.2024 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту- адамгершіліктің белгісі» тақырыбымен шығармашылық микс ұйымдастырды. 
Мақсаты: оқырмандардың жанұяға, ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншіліктерін нығайту, елімізде тұрып жатқан ұлттар арасындағы достық пен бірлікті дәріптеу, шын көңілмен алғыс айта білуге баулу. 
Шара барысында Алғыс айту мерекесінің шығу тарихы, татулығымыз жарасқан еліміз жайлы жылы лебіздер, қайырымды істер, алғыс айту, алғыс алудың үлкен рухани мәні бар екені сөзге тиек етілді. 
Сонымен қатар, «Шеберлік шуақтары» үйірме қатысушылары қағаздан жүрекшелер жасап, тілек жазып, алғыстарын жаудырды.

 

Шилинская сельс ... Читать дальше »

Просмотров: 29 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.03.2024 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне және тың жерлерді игерудің 70 жылдығына арналған «Қазақстан - бақыт мекені» атты кездесу кеші өтті.  
Кездесу қонағы ретінде ауылдың қариялары, тың игерушілердің балалары мен немерелері шақырылып, кітапханашы тың игерудің рөлі, бірегей тарихи процестің нәтижелері мен әйгілі тың дәуірінің ерліктері туралы ақпарат берді.  
Шолоховтың «Поднятая целина» атты романынан үзінділер оқылды.
Қатысушылар Ресейден, Украинадан, Молдовадан, Белоруссиядан келген  ата-аналары туралы естеліктермен бөлісіп, олардың әрқайсысының тағдыры сол заманмен, қонақжай қазақ халқымен байланысып, Қазақ елі олар үшін екінші Отанына айналғанын жетк ... Читать дальше »

Просмотров: 26 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.03.2024 | Комментарии (0)


1 наурыз - алғыс айту күні қарсаңында Дәмді ауылдық кітапханасы «Мейірімге толы жүрек» акциясына орай ауылымыздың волонтерлік тобымен, әкімшілік ұжымы қызметкерлерімен, медбике, мәдениет үйі қызметкерімен және спорт жетекшілерімен бірлесе қайырымдылық керуенін ұйымдастырып, Тупова Ақбала әжейде қонақта болды. 
Шара барысында әжейге ауласының қарын тазалауға көмек берілді. 
Іс-шара «Тұмар» символы, 
Символдық дәм «Құрт»
 және «Қоржын» акциясын қолдана отыра атап өткізілді.
Мақсаты:  мейірімділік пен қамқорлық, үлкенге деген сыпайылық көрсетуге үлгі көрсету.

 

На кануне Дня благодарности, Дамдинская се ... Читать дальше »

Просмотров: 47 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.02.2024 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасы «Алғыс айту парызым» тақырыбы бойынша зейнеткерлікке шыққан белсенді оқырмандар Гүлжан апай мен Тумырза ағайдың шаңырағына кітап саяхатын ұйымдастырып, кітап көрмесін ұсынды.
Мақсаты: сыпайылық қарым-қатынасты дамыту.
Іс-шара барысында кітапханашы мерекенің тарихы, Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы таныстырып өтті.
Кездесу соңында, алғыс айту нышаны - жақсылық жасау ұранына сүйене отырып, кейіпкерлеріміздің ауласының қар қоршауын тазартуға қолғабыс жасалды.

 

Раздольненская сельская библиотека по теме «Алғыс айту парызым»  провела книжное путешествие и представила книжную выставку, в гостях у дома наших актив ... Читать дальше »

Просмотров: 50 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.02.2024 | Комментарии (0)


Раздольное ауылдық кітапханасы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. 
Көрменің мақсаты - 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін, қазақ әдебиетіне өзгеше соқпақ салған көрнекті жазушы - Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, шығармаларын ел болып оқуға ұсыну.
       Көрмеге табанды, батыл жас жігіттің өмірі баяндалған «Өлгендер қайтып келмейді», махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» еңбектері жарияланған таңдамалы шығармашылық жинағы, 
1967 ж. халықаралық Канн фестивалінде жүлде алған «Менің атым ... Читать дальше »

Просмотров: 33 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.02.2024 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасы алғыс күніне орай «Алғыс жүректен шығады» атты алғыс сабағын өткізді. 
Мақсаты: оқырмандардың «алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» «адамгершілік» құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.
Тағылымы мол шарада Алғыс айту күні – татулық пен бірліктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың жарқын мерекесі екендігі айтылып, бұл күн бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметінің орнығуына, достығы мен сыйластығының артуына негіз болатыны баяндалды.

 

В честь Дня благодарности Наурзумская сельская библиотека провела урок благодарности «Алғыс жүректен шығады». 
Ц ... Читать дальше »

Просмотров: 57 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.02.2024 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың  100 жылдығына орай  танымдылық кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: тума таланттың өмірін, өнерін және шығармашылық жолын түсіндіру, шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттау.
Іс шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары белсене қатысты.
Бәріне танымал «Менің атым Қожа» туындысы жайлы өз ойларын айтып, қызық үзінділерін айтып өтті.

 

В Наурзумской сельской библиотеке был проведен познавательный час «Балалар әдебиетінің  бәйтерегі» в честь 100-летия со дня рождения автора детской литературы Бердибека Сокпакбаева ... Читать дальше »

Просмотров: 40 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 26.02.2024 | Комментарии (0)


Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бахытбек қажы Нұрғабылұлы «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында  аудандық кітапханада ардагерлер клубының мүшелерімен және мәдениет қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге «Түркебай» мешітінің имамы Есет Сейтқалиұлы және алқа мүшелері қатысты. Мақсаты: «Ислам және дәстүр құндылығы» бағыты аясында биыл дәстүрімізде қалыптасқан аталар, әжелер мектебін жандандырып, отбасындағы, қоғамдағы әке рөлін барынша насихаттау жұмыстары одан әрі жалғасын таппақ. Бас имам осы тақырып жаңа бастамаларға жол бастайды деген сенеді.

Просмотров: 21 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.02.2024 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында қазақтың ең атақты театр және кино актері, КСРО халық әртісі, қазақ киносының майталманы – Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ өнерінің жұлдызы» атты өнер сағаты өтті.  Оқырмандар қазақ киносының алтын қорына енген оннан астам жарқын, қызықты фильмдер түсірген ұлы актердің өмірі мен шығармашылығымен танысты.  Оның қойған көркемсуретті фильмдері: "Махаббат туралы аңыз","Дала қызы","Біздіңсүйікті дәрігер","Алдаркөсе", "Туғанжер" т. б. Оқырмандар назарына Ш.Аймановтың шығармашылық және тұрмыстық өмірінен алынған слайдтар, кинокадрлар, кітап-альбомдар ұсынылды.

&n ... Читать дальше »

Просмотров: 34 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.02.2024 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 4 5 6 7 8 ... 127 128 »
Мы в социальный сетях