Главная » 2024 » Март » 19


Шилі ауылдық кітапханасы Ұлыстың Ұлы күніне орай «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Мақсаты: әз-Наурыз мерекесінің мәртебесін арттырып, мазмұнын байыта түсіру, ұлттық тағылым, салт-дәстүрлерді насихаттау.
Шара барысында еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен Наурыз мерекесі жаңаша аталып өтетініні туралы сөз қозғалып, мерекенің тарихынан кеңірек ақпарат берілді. 
Ұлттық әсем әуен, керемет безендірілген кітапхана, көрме-инсталляциялары қатысушыларға ғажап мейрам көңіл-күйін сыйлады. Ақ кимешек, ақ орамал және тағы да басқа ұлттық киімдердің тарихы жіне қасиеттері айшықталды. Баталы сөздер айтылып, тілектер жаудырылды.

 

В Шилинской сельской ... Читать дальше »

Просмотров: 16 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 19.03.2024 | Комментарии (0)


Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Раздольный ауылдық кітапханасында «Қонақжай қазақтың берекелі дастарханы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 
Басты мақсаты – халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін және ұлттық құндылықтарын дәріптеу.
Шараға арналып жасалған кітап көрмесіне Наурыз тойының табиғаты, шығу төркіні, қазақ халқының дастарханы, ұлттық тағамдары туралы басылымдар мен буклеттер қойылды. Сонымен қатар, қазақ халқының ерекше қасиеті - қонақжайлылығын дәріптеп, төрт түлік мал сүті және одан жасалған айран, қымыз, шұбат, құрт, май тағамдарынан қатысушы оқырмандарға дастархан жайылды.
Шара меймандары: Кабылдин Серік, Алмаганбетов Ерлан, Гарашов Низам, Кабылдина Қымб ... Читать дальше »

Просмотров: 17 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 19.03.2024 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасында «Мектебім, менің мектебім» тақырыбымен «Сөз құдіреті» ХI аудандық мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Аудан мектептерінен 4 қатысушыға сайысқа қатысу құрметі бұйырып, барлық сайыскерлер өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсті. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарып, келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттады:
«Әртістік» - Алжаганова Зейнеп, Докучаев ЖББМ., 6 сынып, Л. Калаус «Прелести квадратных уравнений».
«Мұра» - Ермұхамбет Кәусар, Науырзым ОМ., 7 сынып, Г. Бельгер «Ұстаз».
«Ерекше таңдау» - Төлеген Лунара, Науырзым ОМ., 7 сынып, Т. Нұрмағамбетов «Қош бол, ата! ... Читать дальше »

Просмотров: 18 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 19.03.2024 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях