Главная » 2024 » Март » 18


Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.
Осы орайда аудандық орталық кітапханасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық - қоғам дерті» атты кітап көрмесін  ұйымдастырды. Мақсаты - қоғамдағы зорлық-зомбылықтың жолын кесуде халықты сауаттандыру, жәбірленушілерге ақпараттық көмек көрсету.

 

Несмотря на то, что мы живем в современном развитом обществе, случаи домашнего насилия в семьях очень распространены. ... Читать дальше »

Просмотров: 11 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 18.03.2024 | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапханасында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Ою ояр, ойлы ойлар» тақырыбымен «Шебер қолдар» үйірмесі қатысушыларының кезекті жұмыстары: фетр матасынан «Тұмарша», «Торсық» оюлары жасалынып, қолөнер жұмысында «Алтыбақан» макеті қыздардың ұшқыр әсем фантазияларын бірге біріктірді. 
Сондай-ақ, белсенді шеберлеріміз келесі жұмыстарында этно-картина жасау жоспарымен де бөлісті. 
Мақсаты: қолөнер қабілеті мол оқырмандарымыздың бос уақытын тиімді, әрі пайдалы форматта өткізуді ұйымдастыру.

 

В преддверии праздника Наурыз в Дамдинской сельской библиотеке были выполнены очередные творческие работы участников кружка &l ... Читать дальше »

Просмотров: 15 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 18.03.2024 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях