Главная » 2024 » Март » 01


Шилі ауылдық кітапханасы Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту- адамгершіліктің белгісі» тақырыбымен шығармашылық микс ұйымдастырды. 
Мақсаты: оқырмандардың жанұяға, ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншіліктерін нығайту, елімізде тұрып жатқан ұлттар арасындағы достық пен бірлікті дәріптеу, шын көңілмен алғыс айта білуге баулу. 
Шара барысында Алғыс айту мерекесінің шығу тарихы, татулығымыз жарасқан еліміз жайлы жылы лебіздер, қайырымды істер, алғыс айту, алғыс алудың үлкен рухани мәні бар екені сөзге тиек етілді. 
Сонымен қатар, «Шеберлік шуақтары» үйірме қатысушылары қағаздан жүрекшелер жасап, тілек жазып, алғыстарын жаудырды.

 

Шилинская сельс ... Читать дальше »

Просмотров: 36 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.03.2024 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне және тың жерлерді игерудің 70 жылдығына арналған «Қазақстан - бақыт мекені» атты кездесу кеші өтті.  
Кездесу қонағы ретінде ауылдың қариялары, тың игерушілердің балалары мен немерелері шақырылып, кітапханашы тың игерудің рөлі, бірегей тарихи процестің нәтижелері мен әйгілі тың дәуірінің ерліктері туралы ақпарат берді.  
Шолоховтың «Поднятая целина» атты романынан үзінділер оқылды.
Қатысушылар Ресейден, Украинадан, Молдовадан, Белоруссиядан келген  ата-аналары туралы естеліктермен бөлісіп, олардың әрқайсысының тағдыры сол заманмен, қонақжай қазақ халқымен байланысып, Қазақ елі олар үшін екінші Отанына айналғанын жетк ... Читать дальше »

Просмотров: 32 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.03.2024 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях