Главная » 2024 » Февраль » 05


Шолақсай ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларымен «Сүйікті балалар жазушысы – Бердібек Соқпақбаев» атты әдеби танысу болып өтті.  
Іс-шара көптеген балалар шығармаларының авторы Б. Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына және «Бір ел - бір кітап» Республикалық акциясы аясында өткізілді. 
Мақсаты – қазақ әдебиетінің классигі бейнесін ашып, оқырман қауымға белгілі «Менің атым Қожа» шығармасымен таныстыру.  
Шара барысында кітапханашы жазушының туындыларындағы оқиғалардың барлығы оның балалық шағы, ауылы, өмірбаяны екенін айта өтті.  
Балалардың көрнекі қабылдауын арттыру мақсатында «Менің атым Қожа» фильмінен үзі ... Читать дальше »

Просмотров: 50 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.02.2024 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы қазақтың белгілі сатиригі, ақын, көрнекті қаламгер, этнограф-ғалым Сейіт Кенжахметовтың 85 жас мерейтойына орай 
«Сейіт Кенжеахметұлы - сатираның саңылағы» 
оқу акциясын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: өз өлкеміздің атақты сатиригімен жақынырақ таныстыру, еңбектерін оқырмандар арасында насихаттап, кітап оқуға баулу.
Акцияға ауылдың түрлі ұйым қызметкерлері белсене ат салысты. Соның ішінде: мектеп мұғалімдері, балабақша қызметкерлері, пошта және медбике қызметкерлері.
Оқырмандар назарына «Мірдің оғындай», «Жеті қазына», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты туындылары ұсынылды.


 
... Читать дальше »

Просмотров: 58 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.02.2024 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасында А.Гайдар шығармалары бойынша «Любимых детских книг творец и лучший друг ребят» атты әдеби викторинасы болып өтті.
Іс-шара барысында оқырмандар Аркадий Гайдардың өмірі мен шығармашылығымен танысып, сондай-ақ, «Тимур қозғалысының» шығу тегі, Тимуровшылардың сипаттамалары жайында толығырақ танысты. 
Викторинаға қатысушылар кітапханашының логикалық көмек-кеңестері арқасында сұрақтарға өте белсенді жауап бере білді!
Викторинаның мақсаты: «Тимур қозғалысы» сынды автордың әңгімелері арқылы қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Балалар жазушының шын тегі Голиков екеніне, ал Гайдар оның әдеби лақап аты екеніне таңданды. ... Читать дальше »

Просмотров: 31 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.02.2024 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях