Главная » 2023 » Сентябрь » 06


Раздольный ауылдық кітапханасында «Тілге құрмет - елге құрмет» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Азербайжан ұлтының өкілі Гарибова Наргиз қазақ тілінде өзінің құттықтау тілек лебіздерін білдірді. 
Жиын барысында көпшілік назарына кітап көрмесі ұсынылып, келген қонақтарға библио­­графиялық  шолу жасалды. Кітапханашы Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиістігін және мемлекеттік тілді меңгеру – баршамыздың міндетіміз екенін атап өтті. 
Шара мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің Мемлекеттік тілге деген сыйластығын арттыру, ұлттық қарым-қатынасты нығайту.

 

В Раздольненско ... Читать дальше »

Просмотров: 71 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 06.09.2023 | Комментарии (0)


Қазақтың ақыны, әдебиет зертеуші ғалым,түріктанушы, публицист,педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тілі білімі мен әдебиетану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформатыры, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестіріп 5 қыркүйек деп белгіленді. Осы мерекеге орай аудандық кітапхана тілдерді оқыту орталығы  және жастар орталығымен бірлесе «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбымен жас мамандар арасында байқау өткізілді ... Читать дальше »

Просмотров: 86 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 06.09.2023 | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапханасында «Тіл мерейі - ел мерейі» атты викториналық сағаты өткізілді. Тақырыпқа сай ақпараттық бұрыш оқырман назарына ұсынылып, тіл тақырыбымен  мақал-мәтел, жұмбақтар, сөзжұмбақтар мен ребустар шешілді. Құдиарбек Ағыбаевтың «Айналайын» кітабы, Оразақын Асқардың «Балалар әлемі» және Сұлтан Қалиұлының «Менің елім» кітаптарынан Ана тілі тақырыбындағы өлең шумақтары дауыстап оқылды. Сондай-ақ, Дихан Әбіловтың «Туған тілім» атты шығармасы талқыланды. 
Мақсаты:  Тәуелсіз еліміз үшін тіл мерекесінің маңызы жоғары екендігін түсіндіру.

 

В сельской библиотеке Дамди прошла викторина под названием «Тіл мер ... Читать дальше »

Просмотров: 85 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 06.09.2023 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях