Главная » 2023 » Сентябрь » 05


Шилі ауылдық кітапханасы Тілдер күніне орай «Ұлт пен тіл - егіз ұғым» тақырыбымен әдеби-жыр сағатын өткізді. 
Мақсаты: жас ұрпаққа ана тілінің қадір-қасиетін түсініп білуге шақыру. Ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Өзге ұлт өкілдерінің тіліне, салт-дәстүріне құрметпен қарап, толерантты көзқарастарын нығайту. 
Іс-шараның эпиграфы ретінде Алаш ардақтысы, тюрколог Ахмет Байтұрсынұлының:
«Тілі жоғалған халықтың, өзі де жоғалады» сөздері арқау болды.
Шара барысында мерекенің ұлы ұстаздың туған күніне орай енгізілгені атап өтілді. 
Балалар ана тіл туралы жырларын оқып, ұлылардың нақыл сөздері мен мақалдарын естеріне түсіріп, кітап көрмесімен танысты.

< ... Читать дальше »
Просмотров: 78 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.09.2023 | Комментарии (0)


Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Буревестник ауылдық кітапханасында «Тіл – достықтың тірегі» атты кітап көрмесі рәсімделді.
Көрменің мақсаты: тілдерге деген қызығушылықты қалыптастыру, Қазақстан Халықтарының мәдени мұрасын құрметтеу. Тілдерді оқыту саласындағы ой-өрісті кеңейту, басқа халықтардың тілдеріне деген құрмет сезімін және бірегей ана тілінің сақталуына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. 
Тілдер мен мәдениеттердің бірлігі - болашақты құруға болатын егеменді республиканың басты күші болып саналады.

 

Ко дню языков народов Казахстана в Буревестненской сельской библиотеке была оформлена книжная выставка «Язык – опора дружбы» с иллюстра ... Читать дальше »

Просмотров: 100 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.09.2023 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында Тілдер күніне орай «Тіл — татулық тірегі» атты әдеби-ойын минуты өтті.  Іс-шара барысында балаларға Қазақстан халықтарының тілдері күнін тойлау, бұл күн неліктен 5 қыркүйекте тойланатыны және ана тілінің әр ұлт үшін маңыздылығымен таныстырылды. Балалар бірге «Достық тілі» өлеңін оқыды, «Үздік аудармашы» ойынына қатысты. 
Шараға қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптар оқуға ұсынылды. Іс-шараның мақсаты: Қазақстанды мекендейтін халықтардың ана тіліне және басқа тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білуге   деген қызығушылықты арттыру.

 

В Шолаксайской сельской библиотеке к Дню языков ... Читать дальше »

Просмотров: 63 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.09.2023 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасы «Тіл - татулық тірегі»  атты көрме-микс ұйымдастырды.
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, тіл байлығын игеруге, ана тілімізді қадірлеуге ықпал ету, Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі екендігін айту. Көрмеге жалпы кітапхана қорындағы қазақ тіл білімі мен тіл мәселелеріне, түркі және әлемдік тілдер тарихын зерттеуге, тілдерді үйрену мен оқытуға арналған оқу, ғылыми әдебиеттер қойылған. Кітап көрмесі апта соңына дейін жалғасады.

 

Наурзумская районная детская библиотека организовала выставку-микс «Тіл - татулық тірегі&ra ... Читать дальше »

Просмотров: 59 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.09.2023 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях