Главная » 2023 » Июль » 12


Науырзым ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру» , «Туған жер» бағдарламасы  аясында Бәкіш Айсинның 75-жасқа толуына орай «Туған жер бақыт ордасы» - әдеби сағаты өтті. 
Мақсаты - оқырмандарға туған жеріміз жайлы түсінік бере отырып, белгілі тұлғалармен, кітаптармен таныстыру, ұлттық рухты, туған елін сүюге, туған жерін құрметтеуге баулу. 
Іс-шара барысында Еринбаева Кулайшам және Масура апаймен кездесіп Бәкіш Айсин туралы мәлемет алынды. Олар Бәкеш Айсин туралы  қысқаша  өмірбаянын айтып, бірнеше  қызықты  сәттермен бөлісті.
Көрмеге ақын Бәкіш Айсинның  шығармашылығы жайлы кітап көрмесі мен буклеттер қойылды.

 

... Читать дальше »
Просмотров: 135 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 12.07.2023 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасы «Қазақ ертегілерінің әлемі» атты ертегілер оқуын оқырмандар назарына ұсынады. 
Шараның мақсаты - балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, даналық касиеттерге  тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Шара барысында оқырман залы кітапханашысы «Хан мен кедей жолаушы» атты ертегісін онлайн оқып берді. 
Ертегілер оқу - саналы, өскелең  ұрпақ тәрбиелеу. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына еңбегі орасан зор.

 

Наурзумская районная детская библиотека предлагает вниманию читателей чтение сказок & ... Читать дальше »

Просмотров: 78 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 12.07.2023 | Комментарии (0)


«Кітап — білім бұлағы, Білім — өмір шырағы!» дегендей, әр адамзат кітапты жиі оқып, білімін арттырғаны абзал. Осы мақалға сүйене отырып, Өлеңді ауылдық кітапханасы «Кітап - ең басты сыйлық» атты акция-челленджін ұйымдастырды. Челленджге ауылдың кішісінен бастап қарттарына дейін белсене қатысты. Ауыл тұрғындары қызығы қанған, оқып біткен кітаптарын жұмыла жинап, бір- бірімен алмасты. Осы сәтті пайдалана, кітапханаға келуге мүмкіншіліктері шектеулі жандарға да кітаптар сыйланды. Акция-челлендж мақсаты: Ауыл тұрғындарының кітапқа деген қызығушылық, сүйіспеншіліктерін арттыру. Жас-кәрі жандардың білімін жетілдіруге шақыру.

 

Улендинская сельская библиотека провела акцию ... Читать дальше »

Просмотров: 129 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 12.07.2023 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях