Главная » 2022 » Декабрь » 23


Жаңа жыл қарсаңында Шолақсай ауылдық кітапханасында «Қағаз қиял» шығармашылық үйірмесімен «Жаңа жылдық ойыншықтардың тарихы» атты шығармашылық шеберхана жұмыс істеді.  Кітапханашының жетекшілігімен балалар өз қолдарымен қысқы орманның үстінде, Аяз атаны алып бара жатқан ертегідегі бұғылар бейнеленген үлкен баннер жасап, қысқы ертегінің ғажап бейнесін жасады. 
Сондай-ақ, шыршаны безендіру үшін қағаздан жұлдыздар, терезені безендіру үшін әртүрлі фигуралар жапсырды.  Жұмыстың мақсаты: ұжымдық жұмыстың арқасында балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


В преддверии Нового года в Шолаксайской сельской библиотеке велась работа творческой  мастерской под ... Читать дальше »

Просмотров: 90 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 23.12.2022 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы «Кітаппен - болашаққа» жобасы аясында «Кітап - білім бұлағы»тақырыбымен 
кітаптық турне өткізді.
Мақсаты: кітап оқуды насихаттап, жас оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін  ұғындыру, кітапқа, кітап оқуға сүйіспеншіліктерін ояту.
Іс-шара А. Байтұрсынұлының балаларға арнаған керемет өлеңімен басталды.
 Оқырмандарға  кітаптың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы жайлы ақпарат беріліп, кітап көрмесімен таныстырылды.
Балалардың қызығушылығын оятқан, өте қызықты «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты ертегі-жұмбақ шешу айдары шарасының көкжиегін келтірді.
Кеш соңында, қатысу ... Читать дальше »

Просмотров: 91 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 23.12.2022 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасы «Кіші Отан: бүгін және ертең» атты эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттады. 
Байқау мақсаты қоғамда патриоттық сезімді және өз өлкесіне деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту. 
Байқау Жамбыл және Докучаев мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында өткізіліп, әр жұмыстар қатысушылардың жасына қарай бағаланды.

Жамбыл ЖББ мектебінің 
5-6 сынып арасында:
1 орын - Мұхамбеджан Кәусар
2 орын - Барбол Елжан
3 орын - Кәкім Мадина,

7-8 сынып арасында:
1 орын - Қоқаев Ерасыл

 

Наурзумская районная детская библиотека наградила участников конкурс-эссе «Малая Родина: сегодня и завтра» ... Читать дальше »

Просмотров: 112 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 23.12.2022 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях