Главная » 2022 » Июль » 04


4 шілде күні аудандық кітапханада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызымен кездесу кеші өтті. Кездесу кешін Науырзым ауданының әкімі Әбішев Қайрат Тынымбайұлы ашып Бақытжамал Қайырбекқызын 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, алғыс хат және сыйлық табыстады. Сонымен қатар Науырзым ауданының маслихат хатшысы Әбенова Гүлсім Есенғалиқызы  сөз сөйлеп жылы лебізін білдірді. Кеш барысында бірқатар кітапхана қызметкерлері "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен Васильева Т.В., Бірмағамбетова Г.С., Ерманова С.С., Иманкулова С.З. және "Кітапхана ісінің үздігі" төсбелгісімен Кайырбекова С.Т., Жакунова В.И. марапатталды.

Просмотров: 143 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 04.07.2022 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях