Главная » 2022 » Июнь » 13


Науырзым ауылдық кітапханасы Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыр» бағдарламалық  мақаласын насихаттау  мақсатында   «Салт –дәстүр асыл қазынам» бейнекөрсетілімін назарларыңызға ұсынады. Адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Мақсаты- халқына салт дәстүр мен әдет ғұрып  оқушылардың бойына сіңіру, ұлттық  мақтаныш сезімдерін ояту. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып  атадан  балаға   қалып отыратын мол мұра. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы,мақал-мәтелі, тыйым сөздері – тәрбиенің мол мұрасы. Халқымыздың әдет-ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, әрқайсымыздың азаматтық боршымыз.

Просмотров: 130 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.06.2022 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасы"Дәстүр жалғасы-қымызмұрындық" тақырыбымен фольклорлық отырыс ұйымдастырды.  
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты қымыз өндірудің қыр-сырымен таныстыру, ұмыт бола бастаған дәстүр-кәделерімізді ұлықтау.
 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы халқымыздың ұлттық және рухани құндылықтарын қайта жаңғыртып, жаңаша сипат алуына, кең көлемде дәріптелуіне едәуір оң ықпалын тигізді.
Өшкеніміз жанып, өткеніміз санамызда сәулеленді. Бір ғана мысал, ұлттық руханиятымызбен астасып жатқан, бірақ кейінгі уақытта алтын арқауы үзілуге шақ қалған қымызмұрындық дәстүрінің тамырына қайта қан жүгіріп, серпіліс сезіле бастады.  Салт-дәстүріміз кең ... Читать дальше »

Просмотров: 118 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.06.2022 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях