Главная » 2021 » Ноябрь » 24



Бүгін аудандық кітапханада  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 26 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай "Бейбітшілік пен келісім- Тәуелсіздіктің басты  жетістіктері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстел барысында Қазақстан мемлекеттілігі тарихының өзекті мәселелері, тәуелсіздік жағдайындағы еліміздің даму стратегиясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлтымыздың көшбасшысының жасаған маңызды қадамдары жайлы айтылды. Сонымен қатар өз ауданымыздың Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері жөнінде пікір алмасты.

Просмотров: 180 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.11.2021 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасында «Менің елім, менің Президентім» атты поэтикалық подиум болып өтті. Кездесу басында кітапханашылар Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны, сондай-ақ, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы беттерінен алынған бейне материалдармен таныстырды. Іс-шараға Жамбыл және Докучаев ЖББМ 3-4 сынып оқушылары белсене қатысты. Туған жер, Қазақстан тақырыптарында өлеңдер оқылды. Мақсаты: ҚР Тұңғыш Президентінің өмірбаянымен, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жөніндегі жұмыстарымен таныстыру. Оқырмандарға әдебиетке деген қызығушылықты ояту, поэтикалық шығармаларды оқуға ынталандыру, поэтикалық сөзге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Өз еліне деген патриотизм мен ... Читать дальше »

Просмотров: 130 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.11.2021 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях