Главная » 2021 » Октябрь » 14


14-ші қазан 2021 жылы Докучай жалпы білім беретін мектебінің фойесінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өнеріміз саған - Қазақстан» XXXIV-ші аудандық көркемөнерпаздар байқауының қатысушылары мен көрермендеріне кітап көрмелері безендірілді. Көрмелер «Тәуелсіздік шежіресі», Ы. Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Даланың дара ұстазы», Ж. Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жүз жасаған бәйтерек», Қостанай облысының 85 жылдығына орай «Сүйікті өлкем Қостанай», Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығының 90 жылдығына «Қорықты жер Науырзым» тақырыбымен ұсынылды.

 

14 октября 2021 года в фойе Докучаевско ... Читать дальше »

Просмотров: 127 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.10.2021 | Комментарии (0)



Қазанның 7-17-сі аралығында өтетін ақпараттандыру онкүндігі  аясында 
Шилі ауылдық кітапханасы «Шектеусіз әлем» тақырыбымен  диалог  кешін ұйымдастырды. 
Президент жарлығымен қазанның әр екінші жексенбісі мүмкіндігі  шектеулі  адамдар күні болып табылады. 
Шараға  ауыл әкімі Қаратаев М.Т.,
ауылымыздың ақсақалы Сагимбаев М., мектеп психологы Бекетаева С.К., әлеуметтік педагог Тулеужанова Г.А. және де әкімшілік  қызметкерлері қатысты. Кеш барысында қонақтар мүмкіндіктері  шектеулі адамдардың әлеуметтік  жағдайы, жоғары рухани деңгейлері туралы сөз қозғап, әңгіме өрбітті. 

В рамках декадника осведомленности, с 7 ... Читать дальше »

Просмотров: 127 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.10.2021 | Комментарии (0)



Науырзым аудандық балалар кітапханасы 7-17 қазан аралығында ақпараттандыру онкүндігі аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты шығармашылық жұмыстар вернисажын ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты - мүмкіндігі шектеулі адамдарға адамгершілік қарым-қатынасты, эстетикалық мәдениетті қалыптастыру. Атаулы вернисажға 10 адам қатысты. Барлығы сыйлықтармен марапатталды. Жазушылар өз шығармаларында адамдардың осындай санаттарына ерекше назар аударған. Оқырмандарымыздың назарына «Бірге біз көп нәрсені жасай аламыз» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге Б.Қабиқызы «Тауқымет», Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне», А. Лиханов & ... Читать дальше »

Просмотров: 130 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.10.2021 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях