Главная » 2018 » Март » 05

1 Наурыз "Алғыс айту" күні - адамдардың бір-біріне рахым, ізет, құрмет, ілтипатының артықшылығын білдіретін күн. Қазақ еліне, әрбір отбасына - Алла мейрім-шапағатын сыйласын! 1 наурызда аудандық орталықтандырылған кітапханада «Ардагерлер клубы» ашылды. Демек, бұл негізінен ақсақалдардың алқалы бас қосатын ордасы болады. «Алғыс айту» күніне орай орталық кітапханада «Мен алғыс айтамын» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарада кітапхана қызметкерлері Шәкібаева Балмекен мен Иманкулова Сауле алғыс айту күнінің мағынасын, ардагерлермен бірлесіп кең дастарқан басында терең мағыналы әңгіме жүргізіп ән шырқалып, жақсы көңіл күйде отырды. «Алғыс айту күні» – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Просмотров: 506 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.03.2018 | Комментарии (0)

Хабарландыру! Қүрметті, балалар! Сіздерді аудандық балалар кітапханасы Халыққаралық кітап күніне шақырады. Келіңіз, көріңіз, оқыңыз! Внимание! Девчонки и мальчишки ,а также их родители!.Приходите на Неделю детской и юношеской книги. Вас приглашает районная детская библиотека. Не проходите мимо – входите , читайте, умнейте , растите!!! Открытие недели детской и юношеской книги! 1 «Кел, ән шырқайық!. Песенка по кругу » 26.03 (караоке-тур, пение песенок по известным детским произведениям) 2 «Сүрет сайысына қатысайық. Рисую свое чтение ...! Рисую свое ощущение..!» 26.03 ( выставка детских рисунков) 3 « Менің бала кезімдегі жақсы көрген кітабым. 27.03 Моя любимая книжка детства» ( экспресс-опрос) 4 «В эту книгу я влюблен с детства» 27.03 ( фотосессия) 5 «Менің сүйікті жазушым. 28.03 Любимые страницы – любимых писателей». «Посмотрел мультфильм - прочти книгу» ... Читать дальше »
Просмотров: 413 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.03.2018 | Комментарии (0)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ұлы дала тарланы, ұла дала аруы» атты сайыс өткізілді. Бұл байқауға 6 жұп қатысты.Шолақсай ауылынан Тұрсынбек Алуа мен Қабыкенов Ернар, Дәмді ауылынан Шарипова Динара мен Молдағалиев Мұстафа, Жамбыл орта мектебінен Асхат Қазбек пен Куникеева Динара, КМК «Науырзым ОАА» құлмағанбетова Айдана мен Аманжол Қастай, Раздольный ауылынан Әшімов Алтынбек пен Бақыт Гүлдана және Жұмыспен қамту бөлімінің атынан Кишкенбаева Айгүл мен Кенжебаев Алтынбек қатысты.Сахна төріне шыққан жастарымыз өнерлерін көрсете білді. Бірі ән айтса, бірі би билеп, басқасы қолөнерін көрермендерге паш етті. Бас жүлдені Жамбыл орта мектебінен келген Қазбек пен Динара иеленді.Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен арнайы мақтау қағазымен марапатталды.

Просмотров: 485 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.03.2018 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях