Главная » 2018 » Октябрь » 2 » 1 қазан - Халықаралық қарттар күні
11:17
 1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Бүгін 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Науырзым ауданық мәдениет және тілтерді дамыту бөлімі қарттарға жылы шырай танытып, құттықтау мен сый-сияпат ұйымдастырды.

Осы мерекенің басты бастаушысы ретінде кітапхана ұжымыең бірінші болып ізетті құттықтауды кітапхана зейнеткерлері Коргамбекова Жұмакүл апайдан бастап, Салецкая Майя Николаевна, Шенмаер Елена Федоровна, Дарморезова Наталья Андреевна, және Касымжанова Гүльсүм Есімханқызымен жалғасын тапты.

Сондай-ақ, қарттар көңіліне «Ақылды қәрия –ағып жатқан дәрия» атты тарату акциясы өтті.

Мереке күні кітапханамыздың кішкентай оқырмандары өз қолөнерімен дайындаған, күз жапырақтарымен көмкерілген ақ тілекті өлеңнен тұратын құттықтау хатын асыл қарттарымызға табыс етті.

Қазақстан халқымыздың асыл мерекесінің бірі, әрі ең төл күндерінің бірі осы қарттар күні. Қарт көңілі кіршіксіз таза, жан дүниесі еңбек бағыттарының әр қырын бағындырған, баға жетпес өмір белестерінен алтын ой түйген ата, әжелеріміз. Өмірлерінің осы балауса тынық шағында жас ұрпақтың өздеріне деген ыстық ықылас сезімін сезіну олар үшін теңсіз бақыт және олардың күнделікті өмірлеріне кішкене болса да шуақ сыйлау біз үшін де үлкен мәртебе.

 

Науырзым ОКЖ

 


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 442 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях