Главная » Архив материалов


Ағымдағы жылдың 15 күні кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тақырыптық кеші өтті. Жиын барысында сол кездегі болған оқиғаны еске түсіріп сұхбаттасып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының әсем әндерін тындады. Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагерлеріне «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл» медальдарын Науырзым аудандық мәслихатының төрайымы Әбенова Гүлсім Есенғалиқызы табыстады. Іс-шара барысында «Ерлік–елдің қасиеті» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Просмотров: 37 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2024 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында орта және жоғары сынып оқушылары оқырмандарының қатысуымен Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 35 жылдығына арналған «Ауғанстан – ұмытуға хақымыз жоқ» атты патриоттық альманах болып өтті.  Шара барысында балалар Ауған соғысының тарихымен танысып, оның басталу себептері мен ұзақтығы туралы мағлұмат алып, ауылымыздан шыққан ардагерлердің өмірбаянымен танысты. 
Балалар жергілікті интернационалдық борышын абыроймен атқарған Камалов Н.С. және Хусаинов Е.Д. ардагерлеріміз жайлы кітаптар мен фотоматериалдардан тұратын көрмемен танысып, Ауған соғысы туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. 
Іс-шараның мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи-мағыналық ақиқаты ... Читать дальше »

Просмотров: 40 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2024 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасы 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ауған ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кешін өткізді.
Кездесу мақсаты: Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагермен сұхбаттасу, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.
Шара қонағы ретінде өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан ардагер Гарашов Шахин Губат-оглы қатысты. 
Жерлес ардагеріміз Ауғанстандағы әскери қызметі туралы өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісіп қана қоймай, болашақ жастардың соғыссыз өмірінің маңыздылығы жайлы ой өрбітт ... Читать дальше »

Просмотров: 41 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2024 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, оқырмандарға «Ауған соғысы – тарих қойнауының бір парағы» атты тарих сабағын өткізді. 
Іс-шара мақсаты: Ауған соғысы жайында ақпарат беру, ардагер ерлердің ерлігін ұмыттырмау, Отанды сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімді нығайту. 
Іс-шара барысында біздің ауылдан соғысқа аттанған ардагерлер туралы көрме дайындалып, оқырмандар Ербол Жұмағалиұлы Ыбыраев, Мұхамеджан Елжанұлы Байғазин, Қайрат Құмшұқбайұлы Нысанбаев сияқты елден тыс жерлерде соғысқан қазақстандық жас сарбаздардың өжеттіліктерімен толығырақ танысты.
Сондай-ақ, көрмеде ауған жауынгерлері мен жерлестеріміз жайлы мерзімд ... Читать дальше »

Просмотров: 55 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2024 | Комментарии (0)


2024 жылының 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Осы атаулы күнге орай аудандық орталық кітапханада Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған "Ерлік–елдің қасиеті" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеде сол кездегі әскери оқиғаларға арналған материалдар, Ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлер туралы кітаптар, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттеріндегі ардагерлердің естеліктері ұсынылған.


15 февраля 2024 года исполняется 35 лет со дня вывода советских войск из Афганистана. К этой памятной дате в районной центральной библиотеке оформлена книжная выставка «Ерлік–елдің қасиеті», посвященная Дню вывода советс ... Читать дальше »

Просмотров: 26 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.02.2024 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, тұрақты оқырмандарына «Ауған соғысы – тарих қойнауының бір парағы» атты тарих сабағын өткізді. 
Іс-шара мақсаты: Ауған соғысы жайында ақпарат беру, ардагер ерлердің ерлігін ұмыттырмау, Отанды сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімді нығайту. 
Іс-шара барысында біздің ауылдан соғысқа аттанған ардагерлер туралы көрме дайындалып, оқырмандар Ербол Жұмағалиұлы Ыбыраев, Мұхамеджан Елжанұлы Байғазин, Қайрат Құмшұқбайұлы Нысанбаев сияқты елден тыс жерлерде соғысқан қазақстандық жас сарбаздардың өжеттіліктерімен толығырақ танысты.
Сондай-ақ, көрмеде ауған жауынгерлері мен жерлестеріміз жайл ... Читать дальше »

Просмотров: 68 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.02.2024 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. 
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

 

В сельской библиотеке Мереке была организована книжная выставка под названием «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым», целью которой было предоставление студентам подробной информации об Афганской войне. Подражать храбрости отважных братьев, преданных своей Родине, воспитать высокий патриотич ... Читать дальше »

Просмотров: 43 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 12.02.2024 | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны Әбділдә Тәжібаевтың 115 жылдығына орай, «Сырда туған сырдың ұлы» атты поэтикалық минуты өткізілді. 
Мақсаты: ақын шығармаларын жас буын оқырмандарына жеткізу, өмір жолы мен өнер жолы арқылы ғибрат беру.
Шара барысында кітапханашы тоқсан жасқа толмай өмірден өткен Әбділдә Тәжібаевтың шығармашылыққа толы өмір парақтарына тоқтала кетіп, кітапхана қорында бар кітаптарын оқырман назарына ұсынды. 
«Есімдегілер» кітабы, «Жылдар, ойлар» атты толғанысқа толы туындысы, «Аралдар», «Көне қоңырау» және «Таныс дауыс» атты өлеңдері мен дастандары толығырақ таныстырылды.

&nb ... Читать дальше »

Просмотров: 44 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 12.02.2024 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасы кітапхана оқырмандарына арнап тарихымыздағы ұлы тұлғалардың мерейтойларына орай «Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрме келесі бөлімдерден тұрады: Мухамед Хайдар Дулатидың 525 жылдығына «Қазақ тарихының атасы»; Әйтеке Байбекұлына 380 жылдығына  «Шешен сөз шебері Әйтеке би»; Өтеген батырдың 325 жылдығына» «Ұлы дала батыры – Өтеген Өтеғұлұлы»; Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына «Махамбет – даланың дауылпаз жыршысы»; Біржан-сал Қожағұлұлының190 жылдығына «Қазақ ән-жырының шамшырағы».
Бұл көрмені кез келген уақытта келіп тамашалауға болады. Сонымен қата ... Читать дальше »

Просмотров: 46 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 09.02.2024 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында «Туған дала киесі, дархан дала иесі - Әбділдә Тәжібаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Поэзия төрінен өзіндік орын ала білген Әбділда ақын шығармаларын насихаттау, тарихымызды келешек ұрпақ біліп өсіуіне және оқырмандарды кітап оқуға ынталандыру, тіл байлықтарын дамыту.
Шара барысында кітапханашы ақын жайлы естелік әңгімелер айтып, оқырмандар арасында шығармалары мәнерлеп оқылды.

 

В Мерекенской сельской библиотеке была организована книжная выставка «Туған дала киесі, дархан дала иесі - Әбділдә Тәжібаев». 
Цель: пропаганда произведений поэта, которые заняли особое место в казахской поэзии, стимулировать будущее поколен ... Читать дальше »

Просмотров: 55 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.02.2024 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 7 8 9 10 11 ... 128 129 »
Мы в социальный сетях