Главная » Архив материалов


 


Буревестник ауылдық кітапханасы «Президент жолдауы - жаңа перспективалар, жаңа жоспарлар» ақпараттық стендін дайындады. Атаулы стендпен белсенді оқырмандар, сондай-ақ ауыл тұрғындары танысып шықты.  Мақсаты-келушілерді Президент Жолдауымен көрнекі түрінде ақпараттандыру. 

Буревестненская сельская библиотека подготовила информационный стенд «Послание Президента - новые перспективы, новые планы». Данным стендом ознакомились активные читатели, так же жители села.  Цель - наглядно информировать посетителей Посланием Президента.

Просмотров: 109 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.10.2022 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасы «Өз өлкеңді сүй, өз тарихыңды құрметте» атты тарихи сағатын өткізді. Шараға ауылымыздың көркеюіне ат салысып, қазіргі уақытта лайықты зейнеттік демалысында жүрген Ермағамбетов Қазымбек Ермағамбетұлы мен Алин Есимтай Қойшыбайұлы шақырылып, шағын сұхбат түріндегі Туған жер, Отан жайлы ой тұжырымдарымен бөлісті. Сағаттың мақсаты: Туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Өлкенің ардақты адамдарының ғұмырын мысалға ала отырып, оқырмандарды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Наурзумская районная детская библиотека провела исторический час «Өз өлкеңді сүй, өз тарихыңды құрметте». На ... Читать дальше »

Просмотров: 112 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.10.2022 | Комментарии (0)

 


Науырзым ауылдық кітапханасында жазушы Дүкенбай Досжановтың туғанына 80- жыл толуына орай «Қарымды қаламгер» тақырыбында бейне шолу өткізілді. Шара барысында қазақ прозасының деңгейін озық өреге, әлемдік тұғырға көтерген нағыз кәсіби жазушы жайлы мәліметтер айтылды.
Мақсаты- Дүкенбай Досжанның өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Оқырмандарды әдеби дүниетанымын қалыптастыруға шақыру.

В Наурзумской сельской библиотеке была проведена видеообзор «Қарымды қаламгер» Дукенбая Досжана, посвященный к 80-летию со дня рождения писателя. В ходе обзора было рассказано о нем , как о настоящем профессиональном писателе,поднявший на мировой пьедестал уровень казахсой прозы. ... Читать дальше »

Просмотров: 125 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.10.2022 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қожа ауылының әкімі Куйекбаева А.А., мәдениет үйі меңгерушісі Какимжанов М.Б. және мектеп оқушыларымен бірге жоспарлы түрде ауданымыздың қасиетті жерлерінің бірі, еліміздің мәдени географиялық тізіміне енгізілген - Қоянақ әулие кесенесіне барып қайтты.
Іс-шара барысында оқушыларға Қоянақ әулиенің тарихы жөнінде біршама мәлеметтер берілді.

Наурзумская сельская библиотека в рамках программы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» вместе с акимом села Куйекбаева А .А., зав.клуба Какимжанов М.Б. и учащимися школы в плановом порядке посетили мавзолей Коянак әулие, который включен в географический список са ... Читать дальше »

Просмотров: 98 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.10.2022 | Комментарии (0)


 


Шилі ауылдық кітапханасы Отбасы күніне орай «Отбасымен бірге кітапханаға» тақырыбымен кездесу ұйымдастырды. Шараның мақсаты отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болуға шақыру, отбасы мүшелеріне жанұялық оқу мәдениетінің қадірін арттырып, балаларының көзқарасын,
шығармашылық қабілеттерін кітап оқу арқылы арттыру.
Кездесуге көпбалалы Рахметовтар отбасы қатысып, әңгіме барысында балаларға жарқын алғашқы әдеби кейіпкерлерге сүйсіндіріп, үйрететін - әке мен ана екенін,
ата-ана мен бала жиі қолына кітап алса, отбасыда рухани бірлік, татулық пен сабырлық орнап, кітап оқуға деген ынтасы артатыны жайлы атап өтілді.

Шилинская сельская библиотека ко Дню Семьи провела встреч ... Читать дальше »

Просмотров: 128 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.10.2022 | Комментарии (0)


Аудандық орталық кітапханасы Сырбай Мәуленовтың туғанына 100 жыл толуына орай Докучав жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушыларымен «Дала жұлдызы- Сырбай Мәуленов» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты: жерлесіміз, ақын, әрі жазушы Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармаларын оқушыларға кеңінен таныстыру.Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру. Кеш барысында Диана Беркенова, Данара Валиева, Алишер Қазгелдиев,Есенгельді Темірбектер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Центральная районная библиотека провела литературный вечер на тему «Дала жұлдызы - Сырбай Мауленов» с учащимися 9 класса Докучавской общеобразовательной школы, посвященный 100-летию со дня рождения Сы ... Читать дальше »

Просмотров: 147 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.10.2022 | Комментарии (0)


Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Дәмді ауылдық кітапханасы Науырзым ауданы киелі жерлерінің бірі «Қоянақ әже кесенесі» басына экскурсияға барды. Шара барысында белсенді оқырмандармен өмір сүрген жылдары туралы мағлұматтар айтылып, елге жасалған еңбектері жайлы сөз қозғалды.  Мақсаты:  Туған жерлеріміздің  киелі жерлерімен таныстыру, оқырмандар бойына патриоттық сезім ұялату,   адамгершілігі мол тұлға болуға жетелеу, туған жерге деген құрметтерін арттыру.

В рамках программы Рухани жаңғыру Дамдинская сельская библиотека посетила одну из сакральных достопримечательностей Наурзумского района - «Мавзолей Коянак әже». В ходе мероприятия с активными читателями были расска ... Читать дальше »

Просмотров: 102 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.10.2022 | Комментарии (0)


Қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күніне орай Науырзым аудандық орталық кітапханасы және аудандық балалар кітапханасы бірлесіп «Кітап және менің отбасым» тақырыбындағы кездесу шарасын өткізді. Шара мақсаты: кітапты бүкіл отбасымен сүйіп оқитын оқырмандардың көпшілікке «Ел болып оқиық» деген насихат жасауына мүмкіндік тудыру, кітап оқу мәдениетін жетілдіру, Отбасымен бірге оқып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Кездесуге ауданымыздың көп жылдан бергі тұрақты оқырмандары Сагинаевтар отбасы қатысып, сұхбат бағдарламасы түрінде отбасыларының өміріндегі кітаптың ерекше орны жайлы жауап берді. Отбасы отағасы Мағзұм Жұманұлы оқыған тарихи кітаптары жайлы айтып өтті.
Шаңырақтың немерелері ... Читать дальше »

Просмотров: 122 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 02.10.2022 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы «Тіл - ұлт намысының биік шыңы» тақырыбымен әдеби қонақжай ұйымдастырды.
Шара барысында Тіл-халықтың жан-жүрегі,оның күллі рухани, иманды,табиғи ырыс-игіліктерінің негізі екендігі жайында айтылды.
Шара мақсаты оқырмандарға ана тілінің қасиет-құнарын көрсетіп, ұлттық әдебиет, жыр-шумақтары арқылы ана-тіліміздің қасиет-құнарын арттыру. Балалар М.Әлімбай,М.Жұмабаев,О.Асқар,М.Шаханов,Қ.Мырзалиев ,М.Мақатаевтың жыр шумақтарын оқып,іс-шараның тәмамдады.

Шилинская сельская библиотека организовала литературную гостиную на тему «Тіл - ұлт намысының биік шыңы».
В ходе мероприятия было рассказано о том,что язык-это сердце народа и основа всех его духовных, ... Читать дальше »

Просмотров: 107 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 02.10.2022 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасы отбасы күніне орай «Отбасы - ынтымақ мекені» ертеңгілік өткізді. Мақсаты- бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жаңұядағы ата- ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Оқушыларға отбасында бір-бірін және үлкенді сыйлауға, кішіге үзет, үлкенге құрмет көрсетуге, отбасы құндылықтарын дәріптей білуге үйрету. Шара барысында белсенді оқырмандар отбасы тақырыбында өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, кітапханашы қонақтарға Отбасы – шағын мемлекет екендігі жайлы түсіндірді. Тақырып бойынша кітаптар ұсынылды.

Наурзумская сельская библиотека ко дню семьи провела утренник «Отбасы - ынтымақ мекені». Цель – формировать у у ... Читать дальше »

Просмотров: 116 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 02.10.2022 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 44 45 46 47 48 ... 129 130 »
Мы в социальный сетях