Главная » Архив материалов


Науырзым ауылдық кітапханасында «Еңбегін елеп, есімін еске алу парызымыз» тақырыбында Ермекбаев Әлімғазы жайлы Науырзым ЖББМ ұстазы Шайкен Жүсіпхан Нұрсұлтанұлы және келіні Ермекбаева Гулзада Кабиқызымен сұхбат өтті. Мақсаты - оқырмандарға елге танылған ел ағалары туралы мәлімет беріп, еңбектерімен таныстыру.  Шара барысында Ермекбаев Әлімғазының өмірбаяны айтылып, 40 - жылдан аса ұстаздық еткендігі және әр түрлі салаларда да қызмет етіп, ерең еңбегімен республикалық, облыстық, аудандық денгейде
мадақтамалармен марапаталғаны жөнінде аталып өтті.


В Наурзумской сельской библиотеке прошло интервью на тему «Еңбегін елеп, есімін еске алу парызымыз»  об Алимгазы Ермекбаеве, с ... Читать дальше »

Просмотров: 89 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.03.2023 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық  кітапханасы оқырмандар назарына  туған жеріміздің елеулі азаматы Ерденов Саруар Алжанұлы жайында «Еліміздің елеулі азаматы» атты бейне баян дайындады. Іс-шараның  басты мақсаты, туған жерінде еңбек еткен ерлердің жетістіктері, артта қалдырған іздері ұмыт болмас үшін өскелең ұрпаққа таныстыру.
Бейнебаян барысында Алжанұлының өмір баяны, атқарған қызметтері, бірге жұмыс жасаған жерлестерінің сұхбаттары келтіріліп, мұрағаттан және отбасынан жеке фото суреттері көрсетіліп, өткен шаққа саяхат жасалды.

 
 Одной из задач Улендинской сельской библиотеки является  популяризация и сохранение краеведческой информации, поддержка и развитие интереса к ист ... Читать дальше »

Просмотров: 84 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.03.2023 | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапханасы "Айгөлек б/б"  тәрбиеленушілері мен "Наурыз бақыт жалғасы" атты  этно сағатын  өткізді. Мақсаты: Ұлттық тәлім тәрбиемізді, дастарханымызды, салт дәстүрімізді  атадан балаға насихаттау, жаңғырту. Шара барысының бірінші кезеңінде бауырсақ пен Наурыз көжеден дәм ұсынылды. Балалар көженің дайындалу жолымен танысып, қосылған тағамдар жайлы өз сұрақтарын қойды. 
 Екінші кезеңде Ұлттық салт дәстүрден көрініс "Құда күту" көрсетілімі мерекеге жиналған қауым назарына көрсетілді. 
Іс-шараның үшінші кезеңінде Айжарқын  анамыз, бесікке салу рәсімін көрсетіп беріп, және де не үшін  бесік беті тоғыз  қабат жабылу керектігі ... Читать дальше »

Просмотров: 72 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 23.03.2023 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында Наурыз мерекесіне орай «Наурыз-құт береке» атты мерекелік таныстырылым сағаты өтті.  Мақсаты: кітапхана оқырмандары арасында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қызығушылықты қалыптастыру. Іс-шара барысында қонақтарға қазақтың ұлттық мұрасы мен мәдениетінің ерекшеліктерін көрсететін әдебиеттер мен журналдар қойылған «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!» кітап көрмесіне шолу жасалды.   «Дәстүрлі Наурыз» викторинасына қатысып, оқырмандар қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімдерін көрсетті.  Шара соңы ұлттық тағамдармен жайылған мерекелік дастарханға ұласты.

 

С целью формирования интереса к традициям и обычаям казах ... Читать дальше »

Просмотров: 98 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 21.03.2023 | Комментарии (0)


20 наурыз күні Науырзым аудандық кітапханасы Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз мерекесіне орай «Наурыздың ғасырлық дәстүрлері» тақырыбында әдеби сазды кешін ұйымдастырды.  Іс шараның құрметті қонақтары болып "Ардагерлер" және "Болашақ" клубының мүшелері қатысты. Мақсаты:Оқырмандарды  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау,ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру, ұлттық салт — дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Просмотров: 94 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.03.2023 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында  Ұлыстың ұлы күніне орай «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні» танымдылық сағаты өтті. Мақсаты   «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт- дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге  тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт—дәстүрімізбен, әдет – ғұрпымызбен  байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шараға   ауылдың тұрақты оқырмандары қатысып салт-дәстүр жайлы білімдерімен бөлісті.


В Наурзумской сельской библиотеке в честь праздника Наурыз прошел познавательный час «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні». Цель - дать представление о празднике «Наурыз» ... Читать дальше »

Просмотров: 107 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 18.03.2023 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасы Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз мерекесіне орай «Наурыздың ғасырлық дәстүрлері» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Көрменің мақсаты: Оқырмандарды  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау,ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру, ұлттық салт — дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Просмотров: 93 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 16.03.2023 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы және мәдениет үйі қызметкерінің ұйымдастырылуымен «Наурыз – шаттық меркесі» атты іс-шаралар циклы атап өтілді.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға қазақ халқының салт дәстүрін үйретуге, Наурыз мейрамының ерекшелігі жайында түсінік беріп, рухани дамуларына үлес қосу. 
Бұл мерекелік іс-шараға ауылдық кітапхананың тұрақты оқырмандары белсене қатысты. Қазақ халқының салт дәстүрі жайында кітап көрмесі тамашаланып, артынан ұлттық ойындар мен мерекелік концерт өткізілді. Қыдыр ата мен Наурыз қыз наурыз көжеден ауыз тиді.  Арқан тартысу, асық ату, қол күрестіру сияқты ұлттық ойынымызда жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар таратылды. Бесікке салу салт дәстүрі көрсетілді.

... Читать дальше »
Просмотров: 110 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 16.03.2023 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында «Шуағын шашқан - Наурыз» атты ертеңгілік болып өтті. Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, салт –дәстүр, наурыз құндылықтарын дәріптеу. Балалар Наурыз мейрамына ұйымшылдықпен қатысып, наурыз мейрамына арналған тақпақтарын, әндерін айтты.

 

В сельской библиотеке Мереке прошёл утренник на тему «Солнечный март».
Цель: научить читателей овладевать духовным богатством нашего народа, пробудить к учению национальной передовой традиции, популяризация ценностей праздника Наурыз. Ребята активно приняли участие в празднике прочитав стихи и спев песни.

Просмотров: 91 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.03.2023 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасы мәдениет үйінің қызметкерлері және мектеп  мамандары мен ұстаздардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел  өткізілді.  Шара барысында Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік жылдарында сыбайлас жемқорлықтың жойылуына басты назар аударылып, қол жеткен жетістіктер жайлы талқыланды.  Іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау.

 

В Шолаксайской библиотеке с участием работников дома культуры и учителей прошёл круглый стол «Нет - коррупции». В ходе мероприятия основное внимание было уделено вопросам искоренения коррупции в Республике Казахстан за годы Независимости и какие успехи уже до ... Читать дальше »

Просмотров: 345 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.03.2023 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 33 34 35 36 37 ... 128 129 »
Мы в социальный сетях