Главная » Архив материалов


4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Туым-намысым, ұраным-бірлік, рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында патриоттық сағатын өткізді. Іс-шарамызға Науырзым ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Сатбалдин Ералы Жаугашевичтің бастауымен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қатысты. Сағатымыздың мақсаты: Отанға, халыққа адал қызмет етуге, еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқымыздың тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Шараның соңы барша қатысушылардың мемлекетіміздің Әнұранын  орындауымен аяқталды.

Просмотров: 73 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 02.06.2023 | Комментарии (0)


Бүгін саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. 31 мамыр - Қазақстан  тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси-қуғын сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық құрбандары күні.
    Қуғын-сүргінге 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. Осы күнге орай аудандық кітапхана "Тарих  шындығы: тағдырлар мен оқиғалар" тақырыбында көрме ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарға саяси-қуғын сүргін құрбандары жайлы терең түсінік  беру,төзім, шыдамдылық, адамгершілік қасиеттерін&n ... Читать дальше »

Просмотров: 102 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 31.05.2023 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Жердегі тозақ-Карлаг» атты тарихи бейнебаянды назарларыңызға ұсынады. 
Мақсаты - Карлаг жүйесінің кесірінен саяси қуғын-сүргін құрбаны болған мыңдаған жазықсыз жандарды еске алу. қазақ зиялыларының Отан үшін жанын қиып көрсеткен қайсарлықтарын жастарға өнеге ету. Елімізді қорғауды, бейбіт өмірдің қадірін түсінуді насихаттау. 
Шара барысында бейнебаян арқылы көрерменге тәуелсіздіктің оңай келмегендігі жайлы және қиын заманның сұрапыл күдері  таныстырылды.

 

Улендинская  сельская библиотека предлагает ваше ... Читать дальше »

Просмотров: 121 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 31.05.2023 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасы Қазақ елінің туын тік көтеріп, мемлекет ретінде іргесін бекітуге аянбай атсалысқан ұлы тұлғалардың бірі, өзінің бүкіл өмірін ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда дала өркениетінің терең мақсаттарына арнаған Төле би Әлібекұлының 360-жылдығына "Қазақ шешендерінің көрнекті өкілі-Төлеби" тақырыбында  тарихи  дерекнама ұсынады.  Іс-шараның мақсаты: Төле бидің өмірі қызметі, даналықтары туралы білімдерін  толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу.

Просмотров: 97 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 31.05.2023 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы 31 мамыр - ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  «Адамзат қасіреті»тақырыбымен тарихи журнал өткізді. 
Мақсаты: ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын ұлықтау, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұрпаққа саяси қуғын-сүргін кезіндегі  жазықсыз  адамдардың қаны мен жасына  суарылған тарихтың  шерлі беттері туралы ақпарат беру. 
Шара барысында қазақ даласының етегіне сор болып жабысқан ашаршылық, нәубет жылдары тарихымыздың ең сұрапыл кезеңі болғандығы жайында айтылды.

 

Шилинская сельская библиотека ко Дню памяти жертв политических репрессий  провела исторический журнал
«Адамзат қасір ... Читать дальше »

Просмотров: 92 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 30.05.2023 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасында «Кітапхана түні – 2023» әлеуметтік - мәдени іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты - ел тәуелсіздігін дәріптеу, кітапхана ісін дамыту, кәсіби ынтымақтастық құрылымдарында жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ оқуды насихаттау және бос уақытты мазмұнды өткізудегі жаңалықтарды іздеу.


В Наурзумской районной библиотеке было проведено социально - культурное мероприятие «Библионочь - 2023». Основная цель мероприятия-популяризация независимости страны, развитие библиотечного дела, взаимодействие с общественностью, а также пропаганда чтения и поиск новшеств в содержательном проведении досуга.

Просмотров: 105 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 30.05.2023 | Комментарии (0)


Раздольное ауылдық кітапханасында «Төле бидің қандай нақыл сөздерін білесіңдер?» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен бірге  дөңгелек үстел болып өтті. Шара барысында әйгілі шешенннің нақыл сөздері талқыланып, өмір жолы мен өнер жолы мәліметтері келтірілді.
Мақсаты: Оқушыларға шешендік сөздердің түрлері жайында түсінік беру, тіл байлығын жетілдіру, зерек, ізденімпаз, талантты бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
 

Раздольненской сельской библиотеке прошел круглый стол «Төле бидің қандай нақыл сөздерін білесіңдер?» с учащимися старших классов. В ходе мероприятия были обсуждены притчи известного мыслителя, были приведены сведения о его жизненном пути и о пути в казахской ... Читать дальше »

Просмотров: 101 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.05.2023 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар  кітапханасында «Қазақ халқының ұлттық ойындары» ойын-сауық сағаты болып өтті. Шараға Науырзым ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагогтары мен балалары қонаққа келді.
Шара барысында қыз қуу, асық ату сынды ұлттық ойындар ойнатылып, қазақша жұмбақтар қойылды.
Сағаттың мақсаты: Жас ұрпақты шапшаңдық пен шымырлыққа баулу. Ақыл ойдың дамуына септігін тигізу, қазақтың ұлттық ойындарын балаларға насихаттау.

 

В Наурзумской районной детской библиотеке прошел развлекательный час «Национальные игры казахского народа». В гости к мероприятию пришли педагоги и дети кабинета психолого-педагогической коррекции Наурзумского ра ... Читать дальше »

Просмотров: 91 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 25.05.2023 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасының әдіскері Латифа Асылбекқызы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында өткен «Мәдениет: Кітап.Білім.Тіл» атты open air фестивалініне қатысты. 
Ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кіріспе сөз сөйлеп, қонақтарды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген кітапханашылар мен сала ардагерлерін марапаттап, бірқатар кітапхана ұжымына алғыс хат табыстады.
Ашық аспан астында қазақстандық баспалардың кітаптарын сатып алуға болатын дүкен, фотоаймақ, балалар павильоны мен тіл, мәдениет, әдебиет және кітапхана ісін дамыту мәселелерін тал ... Читать дальше »

Просмотров: 115 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.05.2023 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы оқырмандарға «Детектив жанрының хас шебері – Кемел Тоқаев» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Кемел Тоқаевтың соғыс тақырыбындағы  шығармалары, сондай-ақ, қазақ әдебиетінің детектив жанрының жолын ашқан көрнекті туындылары қойылды.
Мақсаты - жазушы, журналист, детектив жанрының майталманы Кемел Тоқаевтың өмірі және өнері жайында ақпарат беру, насихаттау.
Іс-шараға ауыл тұрғындары белсене қатысып, кітап көрмесімен тереңірек танысты.

 

Улендинская сельская библиотека организовала для читателей книжную выставку «Детектив жанрының хас шебері – Кемел Тоқаев» . На выставке были представлены произведения Кемеля Токаева на ... Читать дальше »

Просмотров: 180 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.05.2023 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 26 27 28 29 30 ... 128 129 »
Мы в социальный сетях