Главная » Архив материалов


Республика күні қарсаңында Шолақсай ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным - Қазақстан» атты тарихи-танымдық экскурс болып өтті.  Іс-шараның ақпараттық бөлімінде балалар мерекенің тарихымен, Республиканың рәміздері – Елтаңба, Ту және Әнұран туралы ақпараттармен танысты.  Шара барысында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Мемлекеттік мерекелер» ойынына қатысты.  «Қазақстан – Ұлы Дала елі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған Қазақстанның тарихы, мәдениеті, Қазақ Елінің көрнекті тұлғалары туралы кітаптар қойылды.  Мақсаты: Отанға деген патриоттық, мақтаныш сезімін дамыту, Қазақстан Республикасының рәміздері ... Читать дальше »

Просмотров: 41 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.10.2023 | Комментарии (0)


Буревестник ауылдық кітапханасында «Республика күні» ұлттық мерекесі құрметіне «Менің Қазақстаным - менің болашағым» тақырыбында ақпараттық сағат болып өтті. Мақсаты: мемлекетіміздің заңдарына құрмет қалыптастыру, өскелең ұрпақтың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. 
Сағат барысында осы мерекенің саяси пайда болуы туралы ақпарат беріліп, мерекелерді, мемлекетіміздің экономикалық және саяси жағын білу, мемлекеттік тілді білу туралы шағын блиц-сауалнама жүргізілді.

 

Буревестненской сельской библиотеке в честь Национального праздника «День Республики» прошел информационный час на тему «Мой Казахстан - мое будущее». Цель: сформиро ... Читать дальше »

Просмотров: 36 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 24.10.2023 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылы кітапханасы Республика күніне орай «Отаным – менің Қазақстан!» атты ауызша журнал ұйымдастырды.  
Бағдарламаның  мақсаты: Жас ұрпақтың азаматтық, патриоттық сезімдерін оятып,  отанын сүюге тәрбиелеу. Туған еліне, жеріне  деген сүйіспеншілігін  арттыру. 
Іс-шара барысында кітапхана оқырмандарына атаулы күннің маңыздылығы түсіндіріліп, «Отан», «Ұлттық рәміздер», «Туған жер» жайында өлең шумақтары және мақал – мәтелдер айтылды. Туған өлкеміздің жазушылары және Қазақстан Республикасы туралы кітаптар дөңгелек үстелде орын алып, оқырмандар екі топқа бөлініп, викториналық сұрақтардан жарыс өткізілді.< ... Читать дальше »

Просмотров: 170 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 23.10.2023 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылы кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Мейірімділік жүректен !» атты   қайырымыдылық акциясын өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты: ерекше қажеттілігі бар жандардың әлеуметтік жай-күйін тану. Олардың тілектерін ескере отырып, көбірек көңіл бөлу. Өмірге деген сүйіспеншіліктерін қызықты кітап оқу арқылы арттыру.  Шара кейіпкерлерінің үйлеріне барылып, КХ «Арнұр» шаруа қожалығының көрсеткен демеушілігімен қаржылай көмек көрсетілді.                                                  
Іс-шара нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі жандардың, ... Читать дальше »

Просмотров: 50 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 23.10.2023 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасында белгілі жазушы, редактор, Ұлы Отан соғысы ардагері Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай «Елім деп соққан жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
Мақсаты: қазақ  детективінің атасы атанған танымал жазушының өмірі мен еңбек жолы, кітаптары туралы ақпарат беріп, жас оқырмандарды шығармашылығымен таныстыру.
Шара барысында Кемел Тоқаев – даңққа бөленген солдат, қаламы жүйрік ерекше жазушы болғаны жөнінде айтылды.

 

В честь 100-летия известного писателя, редактора, ветерана Великой Отечественной войны Кемеля Токаева в Раздольненской сельской библиотеке была организована книжная выставка «Елім деп соққан жүрегі».
Це ... Читать дальше »

Просмотров: 63 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 16.10.2023 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жыл толуына орай «Шоқтығы биік нар тұлға» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты - саналы ғұмырын жаңа қоғамның құрылысына арнаған қазақ  зиялылары тобының өкілі Т. Жүргеновтің өмірбаяны мен жасаған мемлекеттік қызметтері туралы мәлемет беру. 
Шара барысында Т. Жүргеновтің ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында  білім алуына көмек көрсеткені жайлы сөз қозғалып, Қазақстандағы алғашкы музыка театрын ... Читать дальше »

Просмотров: 46 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 16.10.2023 | Комментарии (0)


13 қазан күні Науырзым аудандық кітапханасы  көркем сөз өнерiнiң көрнектi өкiлi, қазақтың ақтангер ақындарының бiрегейi, әйгілі Шал ақынның (Тілеуке Құлекеұлы) туғанына 275 жыл толуына  «Иман –қой, ақыл-қойшы, нәпсі бөрі»  тақырыбында, Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің  10-сынып оқушыларымен өнер сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты:  Шал ақынның өмір жолымен,  ақын өлеңдерінің тақырыбы мен танысу.

13 октября Наурзумская районная библиотека провела познавательный час с учащимися 10 класса Жамбылской общеобразовательной школы на тему: «Иман –қой, ақыл-қойшы, нәпсі бөрі», посвященный 275-летию со дня рождения выдающегося казахского акына и импровиз ... Читать дальше »

Просмотров: 53 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.10.2023 | Комментарии (0)


Онкүндік ақпараттандыру аясында оқырмандар үшін «Жүрекке жылы жер» тақырыбымен кітапхананың өлкетану мұражайына экскурсия өткізілді.
Мақсаты: балаларды өз өлкесінің мәдени-тарихи мұрасымен таныстыру, олардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және руханиятты дамыту.
Мұражай - бұл мәдени құндылықтарды зерттейтін және сақтайтын орын болса, ал бала үшін бұл, ең алдымен, оған әлі таныс емес нәрселерден құралған басқа ғаламшар тәріздес.
Қол сепараторы, май тартқыш, рокер және «қымыз» халықтық сусынына арналған ыдыстар, иіру дөңгелегі, кетпен, орақ, шам, примус және тағы да басқа бұрыннан қолданыстан шыққан заттар олардың ерекше таңданысын тудырды. 
Балалар шынайы қызығу ... Читать дальше »

Просмотров: 42 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.10.2023 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасы «Түлкі мен Қырғауыл» тақырыбында С. Көбеевтің шығармашылығы бойынша әдеби сағат ұйымдастырды. 
Шара мақсаты: автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту. Туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру. 
Әр оқушыны шығармалар негізінде өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу.
Іс-шарадан балалар жазушының өмірімен тереңірек танысып, қазақ жеріндегі алғашқы ашылған мектептер туралы білді. 
С. Көбеев туралы тың мәліметтер алып, ол кісінің педагогтық қырымен таныса алды. 
Сондай-ақ, «Түлкі мен Қырғауыл» қойылымы барысында балалар өздерінің образға кіру өнерлерін көрсетіп, ертегінің мазмұнын, автордың түпкі ... Читать дальше »

Просмотров: 48 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.10.2023 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасында «Сен жалғыз емессің» акциясы барысында, ауыл тұрғындары Рыскүл апай және Үміт Молдағалиевамен бірге «Кітапханаға саяхат» атты көрме ұйымдастырылды. 
Басты мақсат: ауылымыздың асыл қазынасы - әжейлерімізге, қазақ әдебиеті шығармаларын ұсынып, қалаған туындыларын таңдауға мүмкіндік беру. 
Шара барысында көптеген кітаптар жанры ұсынылып, таңдау басымдылығы поэма жанрына еншіленді. 
Сондай-ақ, әжейлермен әдеби әңгіме жүргізіліп, сүйікті жазушылары туралы сөз қозғалды.

 

В Раздольненской сельской библиотеке в рамках акции «Ты не один», для жителей села Рыскуль апай и Умит Молдагалиевой, было организована ... Читать дальше »

Просмотров: 65 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 11.10.2023 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 15 16 17 18 19 ... 128 129 »
Мы в социальный сетях